---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-20-dollar-8-kuendik-tynyshtyqtan-song-qajta-qymbattady-bughan-ne-sebep/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Доллар 8 күндік тыныштықтан соң қайта қымбаттады: Бұған не себеп?

![Доллар на калькуляторе](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/04/skolko-stoyat-dollar-evro-i-rubl-v-obmennikah-14-aprelya_bizmedia-kz_.jpg)

19 қарашада Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар бір күнде 4,47 теңгеге қымбаттап, 448,72 теңге болды. Бұған дейін 8 күн бойы доллар 445 теңгеден төмен тұрақтап тұрған еді. Айырбастау пункттерінде доллар 450-452 теңгеден сатыла бастады. Бұл — күрт құлдырау емес, бірақ нарықтағы көңіл күйдің өзгергенінің белгісі.

[![Фото: РИА Новости / Наталья Селиверстова](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/04/skolko-stoyat-dollar-evro-i-rubl-v-obmennikah-14-aprelya_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/04/skolko-stoyat-dollar-evro-i-rubl-v-obmennikah-14-aprelya_bizmedia-kz_.jpg)Фото: РИА Новости / Наталья Селиверстова

## Не болды?

19 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша KASE-де доллардың орташа өлшенген бағамы — 448,72 теңге. Бір күн бұрын — 444,25 теңге болатын. Өсім — 4,47 теңге, яғни шамамен 1 пайыз. Сауда көлемі де артты. Күндіз доллар 445,26-дан 451,57 теңгеге дейін ауытқыды.Еуро да қымбаттады: бір күнде 5 теңгеден астам өсіп, 493,22 теңге болды. Юань — 67,28 теңге, рубль — 5,47 теңге.

**Айырбастау пункттеріндегі жағдай:**

- Астана: сатып алу — 445 теңге, сату — 452 теңге
- Алматы: сатып алу — 444-450 теңге, сату — 450-452,7 теңге
- Шымкент: сатып алу — 448-449,5 теңге, сату — 451-452,5 теңге

Ұлттық банктің 19 қарашадағы ресми бағамы — 444,16 теңге. Ал 20 қарашаға арналған ресми бағам — 448,72 теңге болып белгіленді. Яғни ресми бағам биржаның артынан ереді, ал халық айырбастау пунктінің бағасымен өмір сүреді.

## Неге доллар өсті?

Біріншіден, нарық тыныштықтан шаршады. 8 күн бойы доллар 445 теңгеден төмен тұрды. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының дерегінше, жоғары белсенділік пен долларға сұраныс бір күн бұрын, 18 қарашада-ақ байқалған. 

Қауымдастықтың түсіндірмесі:

> «Валюта сатып алу тиімді бағамға, бағамдық күтулердің нашарлауына, сондай-ақ сыртқы қарызға қызмет көрсету қажеттілігіне және импорттың маусымдық өсуіне байланысты болуы мүмкін».

Қарапайым тілмен айтқанда: доллар арзан тұрғанда, оны көп адам сатып ала бастады. Импорттаушыларға тауар әкелу үшін доллар керек, компанияларға сыртқы қарызды төлеу үшін доллар керек. Сұраныс өсті — баға өсті. Екіншіден, маусымдық фактор. Жыл соңына қарай импорт дәстүрлі түрде артады: мереке алдындағы тауар, техника, жабдық. Оның бәрі доллармен сатып алынады.

**Үшіншіден, сыртқы фон******

Дәл сол күні, 19 қарашада, Қытайдың Шэньчжэнь қаласында АТЭС саммиті аясында АҚШ президенті Дональд Трамп, Қытай төрағасы Си Цзиньпин және Ресей президенті Владимир Путин алғаш рет үшжақты форматта кездесті.

Кездесуде тараптар отын өндірісі мен жеткізілімін арттыру туралы келісті. Осы жаңалықтан кейін Лондон биржасында Brent мұнайы 91,21 долларға дейін арзандады. Бұл — доллардың өсуіне тікелей себеп емес. Бірақ мұнай арзандаса, Қазақстанға түсетін валюта азаяды деген күту нарықтағы сақтықты күшейтеді.

## Сарапшылар не дейді?

Бұл бір күндік өсімді дағдарыс деп бағалауға негіз жоқ.Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұған дейін де: «Жыл соңына дейін доллар бағамының күрт әлсіреуіне немесе өсуіне негіз жоқ. Күрт қымбаттап кетпейді» деп мәлімдеген. Оның түсіндірмесі бойынша, теңгенің нығаюы — мұнай мен металл бағасының өсуіне, экспорттың 27 пайызға артуына байланысты.

> «Нарықта доллар көп болса, оның бағасы түседі. Қазір болып жатқан жағдай дәл осы», - деген еді ол.

Ал Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қарашадағы сауалнамасына қатысқан сарапшылар жыл соңына қарай доллар қымбаттайды деп күтеді. Олардың болжамы бойынша, желтоқсанның басында доллар — 462,4 теңге, алдағы 12 айда — 499,4 теңге болуы мүмкін.Яғни 19 қарашадағы 448,72 — бұл «апат» емес, сарапшылар күткен түзетудің басталуы болуы мүмкін.

## Бұл нені білдіреді?

Доллар қымбаттағанда қымбаттайтыны:импорттық дәрі, техника, киімшетелге саяхат, оқуавтокөлікке қосалқы бөлшек

Доллар арзандағанда ұтатыны: бюджет. Себебі мұнайдан түсетін доллар теңгеге айналғанда бюджетке көбірек теңге түседі.Сондықтан теңгенің әлсіреуі — біреуге шығын, біреуге пайда.Қорытынды19 қарашадағы өсім — «резко» емес. Бұл — 8 күндік тыныштықтан кейінгі 1 пайыздық түзету.

Бірақ бұл — ескерту. Нарық долларға сұраныс артып келе жатқанын көрсетті. Егер желтоқсанда импорт пен сыртқы қарыз төлемдері қатар келсе, доллар 450-462 теңге аралығына баратынын сарапшылар бұрыннан болжап отыр.

---

Опубликовано: 2026-11-20T07:59:05+05:00

Обновлено: 2026-11-20T07:59:09+05:00

Авторы: [Гүлбаршын Айтжанбайқызы](https://kk.bizmedia.kz/author/gulbarshyn-aitjanbaikyzy/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-20-dollar-8-kuendik-tynyshtyqtan-song-qajta-qymbattady-bughan-ne-sebep/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.