---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-21-astana-boelgen-aqsha-auylgha-nege-entigip-zhetedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Астана бөлген ақша ауылға неге ентігіп жетеді?

![Прокуратура Алматы и Яндекс Такси договорились выявлять уклонения от уплаты алиментов](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/02/screenshot-2026-02-05-at-10-24-58-edited.jpg)

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІІ форумын президент Тоқаев мінберге шығып мақтаудан бастаған жоқ, есеп сұраудан бастады.

[![Фото: Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/02/screenshot-2026-02-05-at-10-24-58-edited-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/02/screenshot-2026-02-05-at-10-24-58-edited.jpg)Фото: Freepik.com

«Бұрын бізге әдемі, тіпті мінсіз сурет салып беретін. Біз соған шын қуанатынбыз. Сосын «бізге нақты статистика бермеді» деп сылтау іздеп, мәселені кейінге ысыратынбыз. Бұдан былай олай болмайды».

## Бұл сөз — жай сын емес. 

Бұл — 2019 жылдан бері ауылға кеткен триллиондарға қойылған сұрақ. .«Ауыл – ел бесігі» 2019 жылы басталды. 3 561 ауыл таңдалды, онда ауыл халқының 89%-ы тұрады. Тек 2019-2021 жылдары осы жобаға, «Жұмыспен қамту жол картасына», «Нұрлы жолға», «Нұрлы жерге» және жеке инвестицияға қосып есептегенде ауылға 1,2****триллион теңге бөлінді.Одан кейін тек осы жобаға тағы 800 миллиард теңге, барлықкөзден қосқанда 1,3 триллион теңге жоспарланды.

## Осыдан кейін де ақша тоқтаған жоқ

Былтыр ғана 500-ге жуық ауылда 921 жобаға 173 миллиард теңге жұмсалды. 277 ауылда су жүйесі жаңартылды деп есеп берілді.Ал «Ауыл аманатына» бүгінге дейін 150 миллиард теңге бөлінді. Соның арқасында 22 мыңнан астам жұмыс орны ашылды деп айтылды.Жалпы аграрлық секторға соңғы 7 жылда 1 630 жобаға 2,7 триллион теңге салынды. Азық-түлік өндірісі 28%-ға өсті. Экспорт екі есе өсіп, 7 миллиард долларға жуықтады. Биыл 24,5 миллион тонна дақыл жиналды.Сан жағынан бәрі жақсы. Бірақ Тоқаев осы сандарға сенбеді. 

## Сол 22 мың жұмыс орны қазір бар ма?

Міне, әңгіме осы жерден басталады. Себебі ақша бөлінді, қағаз толды, ал ауылдың тұрмысы сол сандай жақсармады.

Бірінші себеп — керек жеріне жеткенше ентігіп қалады. Астанадан шыққан ақша министрлікке, одан облысқа, одан ауданға, одан мердігерге өтеді. Әр сатыда жоба жасалады, сараптама өтеді, тендер өткізіледі, делдал ақысын алады. Ауылға жеткенде ақшаның жартысы емес, кейде үштен бірі ғана қалады.

Екінші себеп — бағдарлама көп, бірақ жауапты жоқ. 

Тоқаев мұны да ашық айтты:

> «Аты бөлек, заты бірдей бағдарламалар тым көп болып кетті».«Ауыл аманаты», «Ауыл – ел бесігі», «Кең дала», «Береке», «Жайлау», «Игілік», «Сыбаға» — бәрі бір істі қайталайды. Бір ауылға бір мезетте 5-6 бағдарлама келеді. Бірі жол жасайды, бірі су тартады, бірі кәсіп ашады. Бірақ ешкім «бұл ауыл түгел бітті ме?» деп жауап бермейді. Әркім өз қағазын тапсырып, «орындалды» деп жазады. Ал ауылда жол бар, су жоқ болып тұрады.

Осыдан үшінші себеп шығады — есеп қағазда, шындық далада. Қағазда 921 жоба біткен. Далаға барсаң, мектептің төбесі ағып тұр, су құбыры істемей тұр, жол жартылай жасалған. Бірақ есепте «орындалды» деп тұр. Тоқаев айтқан «әдемі сурет» — осы.

Төртінші себеп — шаруаның несиесі. Аграрлық несие корпорациясы мен «ҚазАгроҚаржының» рәсімдері ұзақ, күрделі, цифрландыруы жоқ. Шаруа құжат жинап жүргенде егін уақыты өтіп кетеді. Ал несие алған шаруа алғашқы төлемді жабу үшін өнімін жинап бола салысымен арзанға сатуға мәжбүр болады. Делдал байиды, шаруа қарыздан шыға алмайды. Тоқаев бұл жолы да енді бұған жол беруге болмайтынын ашып айтты. 

Бесінші себеп — жерде тұрмайтын «шаруа». Жерден ақша тауып, өзі қалада немесе шетелде тұратын, шаруашылығына бармайтын кәсіпкерлер бар. Олар ауылдың мұңын түсінбейді. Тоқаев олар туралы:

> «Жерден, адамнан алыс мұндай шаруалар бізге керек пе? Меніңше, керек емес» — деді.

## Тоқаев не тапсырды?

Ол бұл жолы ақша қосып беру туралы айтқан жоқ, нәтиже сұрады.Алдымен барлық бағдарламаға толық тексеріс жасауды тапсырды. Саны емес, сапасы керек.Одан кейін «Ауыл аманаты» мен «Ауыл – ел бесігінің» нақты нәтижесін тексеруді тапсырды.

---

Опубликовано: 2026-11-21T10:59:42+05:00

Обновлено: 2026-11-21T10:59:45+05:00

Авторы: [Гүлбаршын Айтжанбайқызы](https://kk.bizmedia.kz/author/gulbarshyn-aitjanbaikyzy/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-21-astana-boelgen-aqsha-auylgha-nege-entigip-zhetedi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.