
Күні кеше ғана табыстарыңды жасырып қоятын тесік қалдырмайтынын мәлімдеген Қаржы министрі Мәди Тәкиев жаңа жылдан бастап елдегі банктер жеке тұлғаның шотына түскен ақша туралы мәліметті салықшыларға жеткізіп тұруды міндеттейтін жаңа бұйрыққа қол қойды.
Бұл бұйрық екінші деңгейлі банктерге жеке және заңды тұлғалардың шотына түскен ақша туралы мәліметті мемлекеттік кірістер органына жолдап отыруға құқық береді. Бұған қоса, банктер жеке тұлға алған кредит туралы ақпаратты да салықшыларға тапсырады.
- 2025 жылғы 12 қарашада қабылданған бұйрықта банктер ел азаматтарының табысы мен мүлкі туралы деректерді де береді.
- Сонымен бірге, банктер әр азаматтың кәсіптен түскен ақшасы жөнінде мәлімет жолдап отыруы тиіс.
- Кәсіптен түскен қаражатқа не жататыны жыл бойы талқыланып келді. Шенеуніктер 100 немесе одан көп ақша аударымы үш айда 1 млн теңгеден асып кетсе, оны табысқа жатқызу керек деп шешкен.
- Ереже 2026 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енетін жаңа Салық кодексінде бар.
Енді азаматтардың банк шоттарына түскен ақшалардың жалпы көлемі есептеліп отырады. Банктер мұндай ақпаратты кірістер комитетіне тоқсан сайын тапсырып отыруға міндетті. Жаңа жылдан бастан банктер оны салықшыларға жеткізіп, кіріс комитетіндегілер әлгі қаражатты кәсіпкер табысына жатқызады.
Сарапшылар үкіметтің экономикалық блогы бұл тәсілді барынша жетілдіру қажеттігін айтып жатыр. Себебі крупный компанияларда немесе бизнесте табыстың нақты көлемін жасырып қалатын тәсілдер жеткілікті. Қазір кәсіпкерлер арасын конверттертер жалғастырады. Банктердін гана емес, компаниялардын табысы туралы ақпараттар орталықтандырылган жүйеге көшпейінге табысты конвертке тыгып қою мәселесі шешілмейді.