
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі зейнетақы активтерін басқару жүйесіндегі революциялық өзгерістерді ұсынады: Өзгеріс бойынша жеке басқарушы компанияларға әлемдік стандарттар бойынша қатаңданып, «қайта бағаланады».
Жобаны қоғамдық талқылау 2025 жылдың 8 желтоқсанына дейін жалғасады, демек, азаматтардың өз ескертулерін енгізуге және пысықтауды ұсынуға мүмкіндігі бар.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап басқарушы компаниялардың тиімділігін бағалаудың ескі моделінен (орташа өлшемді кірістілік негізінде) бас тарту және қазақстандық қор индекстерін де, жаһандық нарықтарды да қамтитын «композиттік индекстер» — бенчмарктерге көшу жоспарланып отыр.
Не өзгереді
- Салымшылар зейнетақы қаражатын нақты инвестициялық портфельге бере алады — таңдау тетігі ресімделеді;
- Портфельдің қалай қалыптасқанына байланысты шетел валютасына салымдарға лимиттер белгіленді;
- БЖЗҚ салымшыларды олардың қаражатын басқарушы компаниялардың қандай портфельге аударғаны туралы хабардар етуге міндетті;
- Басқарушы компаниялар белгіленген мерзімде реттеушіні портфельді таңдау туралы хабардар етуге тиіс.
Түзетулерді әзірлеушілердің пікірінше, мұндай қадамдар зейнетақы жинақтарына ашықтық пен бақылауды арттырады және басқарушы компаниялар жұмысының тиімділігін нақты бағалауға мүмкіндік берегенмен тәуекелдері де бар.
- Қарапайым салымшылар үшін бұл қосымша ауыртпалық болуы мүмкін: бұл «композиттік индекстердің» мағынасын бәрі де түсінбейді,
- оның үстіне Қазақстанда қаржылық сауаттылық жоғары деңгейде емес.
- жаһандық нарықтар тиімді болса, валюталық лимиттер әлеуетті кірістілікті шектеуі мүмкін.
Дегенмен, бұл бастама қуатты әрі алға қадам болуы мүмкін. Бұл жай ғана реттеу емес, зейнетақы активтерін басқарудың қазақстандық жүйесін әлемдік тәжірибемен үйлестіру әрекеті.