
Қазақстанның экономикалық қоғамдастығы Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты комитеті 6 наурыздағы отырысының нәтижесін күтуде. Кеңес барысында комитет мүшелері ойын ережелері туралы шешім қабылдап, базалық мөлшерлемені белгілейді.
Ұлттық банк осыған дейін 2026 жылдың ортасына дейін базалық мөлшерлеме төмендейтінін ашып айтқан жоқ. Бірақ Goldman Sachs сарапшыларының пікірінше, ақпан айындағы инфляция деңгейі бас банктің шешіміне әсер етуі мүмкін.
«Комментарий» сараптамалық тобының жетекшісі Эльдар Шамсутдиновтың пікірінше. инфляциямен күрес — ұзақ әрі күрделі процесс. Иә, оның деңгейі 2022 жылдың ең жоғары деңгейінен төмендеп, ағымдағы жылдың тамызында 12,2% құрады. Бұл ҚР Ұлттық банкінің қатаң монетарлық саясатының нәтижесі болды, ол мөлшерлемені дәйекті түрде көтеріп, артық ақша ұсынысын шектеді.
Қазір базалық мөлшерлемені төмендетуге ықпал ететін факторлар әлсіз. Инфляция да болжамға бағына қойған жоқ. Басым пікір 2026 жылдың алғашқы жартысына дейін қазіргі деңгей сақталатынын, келісі жарты жылдықта төмендеуі мүмкін екенін айтып жатыр. келі айтып жатыр. Базалық сценарийде 2026 жылдың соңына қарай мөлшерлеме шамамен 14-16% диапазонына дейін төмендеуі мүмкін екенін Ұлттық банктің сарапшылары да ескерткен. Бірақ бұл процесс біртіндеп және сыртқы конъюнктура мен бюджет саясатына қатты тәуелді.
Эльдар Шамсутдиновтың пікірінше мөлшерлемені күрт көтерудің де, оны төмендетудің кезі келген жоқ. Теңге тартымдылығын қамтамасыз ету және артық несиелендіруді тежеу үшін мөлшерлеме инфляция деңгейінен жоғары болуы тиіс. Бұл ретте тек монетарлық сипаттағы шаралар ғана жеткіліксіз. «Фискалдық саясат та біркелкі жұмыс істеуі тиіс. Үкіметтің шығыстары ақша-кредит саясатының шарттарын талап ете бастағанда, фискалдық үстемдік деп аталатын елеулі қатер болып қалып отыр», дейді Э. Шамсуддинов.
Ұлттық валютатың бағамы тұрақты болғанмен, фискальды саясатта өзгеріс жоқ. Ұлттық банк базалық мөлшерлеме арқылы нарықты артық ақшадан тазартуға тырысса үкімет экономикаға жасанды түрде дем беруді жалғастырып жатыр.
«Ұлттық банк қазір сұранысты ұстап тұру үшін, ал министрлер кабинеті ұсынысты ұлғайту үшін жұмыс істеп жатыр», дейді Э . Шамсутдинов.
Теңгенi қорғау және артық өтiмдiлiкпен күрес
Дезинфляциялық трендті қолдау үшін билік экономикалық саясаттың бірнеше бағытын күшейтуде, дейді экономист Эльдар Шамсутдинов.
Ең алдымен, бұл:
• Теңгені қолдау. Үкімет сыртқы қарыз алуды белсендірек тартуды жоспарлап отыр. Бұл iшкi рынок есебiнен iрi мемлекеттiк инвестициялық бағдарламалар құрған валютаға қысымды азайтуға мүмкiндiк бередi.
• Өтімділікті стерильдеу. Ұлттық банк қаржы жүйесінен артық ақша массасын алу үшін ноталар шығаруды ұлғайтады.