
Иран төңірегіндегі әскери шиеленіс Ормуз бұғазын жаһандық экономикалық толқудың негізгі нүктесіне айналдырды. Осы тар теңіз дәлізі арқылы әлемдік мұнай саудасының бесінші бөлігіне дейін өтеді. Мәселе тек әскери эскалацияда ғана емес.
Қазіргі эскалация — бюджеттің тұрақтылығы үшін стресс-тест. Reuters мәліметінше, Иранға жасалған соққылардан кейін биржадан тыс саудада мұнай шамамен 10%-ға қымбаттаған. Одан арғы динамика қақтығыстың дамуына байланысты. Егер Ормуз арқылы транзит толығымен тоқтатылса, баға белгіленімі барреліне 100 доллардан асуы мүмкін. Бірақ бұл бағаның мұнайға деген сұраныстан емес, әскери тәуекелге деген реакциядан қалыптасып отырғанны ұмытпау керек. Қазір 100 млн доллар танкер құны бір рейсті сақтандыру 250 мыңнан 375 мың долларға дейін өсіп кеткені айтылып жатыр.
Ормуз бұғазындағы шиеленіс мұнай бағасын барреліне $90–100-ге дейін көтеріп, Қазақстан бюджетіне қысқа мерзімді экспорттық табыс әкелетіні анық. Бірақ бұл ұзақ мерзімді перспективада геосаяси қауіптер мен инфляциялық қысымды күшейтеді деген қорқынышты болжам бар. Сондықтан кейбір сарапшылар мұнайдан түсетін уақытша табысты тиімді басқару мен сыртқы шоктарға төзімділікті күшейтуді қатар алып жүру керектігін ескертіп жатыр.
Экономист Эльдар Шамсутдиновтың бағалауынша, баррель бағасының әрбір 1 доллар өсімі Қазақстанға шамамен 550 млн доллар экспорттық түсім және шамамен 150 млн доллар бюджетке қосымша кіріс қосады.
Бұл дегеніңіз 72-ден 82 долларға дейінгі секіріс теориялық тұрғыдан экспорттық түсімді жылдық мәнде 5 млрд доллардан астам ұлғайтуы мүмкін. Алайда бұл есеп қысқа мерзімді жарқылдау кезінде емес, тұрақты өсу кезінде ғана жұмыс істейді.
Сонымен қатар күрт ауытқулар валюта нарығының құбылмалылығын күшейтеді және бюджеттік жоспарлауды қиындатады. Егер бағаның өсуі қысқа болса, бюджеттік әсер шектеулі болады.
Дегенмен, экономист Эльдар Шамсутдиновтың пікірінше, мұнай бағасының 72 доллардан 82 долларға дейін өсуі экспорттық кірісті жылдық есепте 5 млрд долларға арттыруы мүмкін. Бірақ бұл баға баға тұрақты өскен жағдайда ғана жүзеге асады. Ал қысқа сқа мерзімді әрі күрт құбылыстар валюталық нарықтағы тұрақсыздықты күшейтіп, бюджетті жоспарлауды күрделендіріп жібереді.
Ең басты мәселе мұнайдың өсуі емес, тұрақсыздықтың қаншаға созылатыны. Қысқаша күйзеліс бюджеттік позицияны нығайтуы мүмкін. Ұзақ мерзімді геосаяси турбуленттілік, керісінше, шикізат моделінің осал тұстарын ашады.
Осы тұрғыдан алғанда, Иран төңірегінде болып жатқан оқиғалар — жай ғана өңірлік дағдарыс емес. Бұл экономиканың тұрақтылығы мұнай бағасының шыңымен емес, жаһандық шиеленіс кезеңдеріне төтеп беру қабілетімен өлшенетінін еске салады.