
Гүлбаршын Сабаева
ЕАЭО-тағы интеграция мүше мемлекеттердің экономикалық ықпалдастығына бағытталған: Бірақ сарапшылар бірқатар түйінді проблемаларды бөліп көрсетеді:
- экономиканың біркелкі еместігі, ішкі саудадағы кедергілердің сақталуы,
- күшті әріптестердің пайдасына ресурстар ағынының жоғары тәуекелі
- және ұлттық мүдделерді теңгерімдеу қажеттігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық интеграция түпкі мақсат емес екенін, тек ұйымға мүше мемлекеттердің экономикасын дамытудың және халықтарының әл-ауқатын жақсартудың бір құралы екенін жиі айтады.
ЕАЭО мінбері компромистер алаңы
2026 жылғы 1 сәуірден бастап Ресейде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінетін автомобильдерге утиль алымды есептеудің жаңа жүйесі күшіне енеді. ЕАЭО елдерінен жеке тұлғалардың көлік әкелуі енді коммерциялық импортпен теңестірілетін болды. Тиісті нормативтік акт жобасын РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі әзір етті. 2025 жылдың 1 желтоқсанда 160 ат күшінен асатын машиналарға арналған жеңілдетілген утиль алым ставкалары жойылды. Салдарынан, Қазақстанда құрастырылған автобус, трактор, комбайн, ауыл шаруашылығы, коммуналдық және өрт сөндіру техникаларын солтүстік көршіге өткізу тосқауылға тап болды. Өйткені кәдеге жарату төлемдері бірнеше миллион рубльге күрт артқалы шетелдік өнім РФ-та бәсекеде ұтылды.РФ-ның бұл шешіміне қазақ жағы қарымта жауап қайтарған соң мәселе тыншыды.
Сарапшылардың сөзінге кез-келген экономикалық одақ үшін мұндай жайттар қалыпты жағдай. Себебі ақиқаттың өзегі мүдделер тартысы кезінде ғана ашылады. Сарапшылардың сөзінше Ресейдің импорт ережелеріндегі өзгерістер жергілікті құрастыруды ынталандыратын неғұрлым қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бірінші кезекте. Бұл Ресейдегі нақты өндірістік мүмкіндіктермен үйлесуге тиіс еді. Бірақ қазақ жағының қарымта жауабынан кейін бұл мәселенің шешімі тағы да кейінге қалды.
Одақ шеңберінде талқылауды, шешіп алуды кейінге қалдыруға болмайтын жайттар жетеді. Ақпан айының басында РФ үкіметінің басшысы Михаил Мишустин қол қойған РФ-ға тауарларды әкелу процесін реттейтін Ресейлік өндірушілер экспорттық нарықтардағы шектеулер мен шетелдік жеткізілімдердің рентабельділігінің төмендеуінен ішкі сұранысты кеңейту мүмкіндіктерін іздеп жатыр. ЕАЭО-ны уақытша «тоңазытып» отырғанын ресейліктер әзірге ашып айтқан жоқ. Бірақ ЕАЭО елдерінде сараптама жүргізбей ресімделетін сертификаттарға бақылауды күшейтті. Тоқтата тұру құқына да Ресей ие болды. Осының аясында 16 ақпанда Беларусь 2012 жылы қол қойылған ТМД елдері кеден органдарының өзара іс-қимылы туралы хаттамадан шықты. Вице-премьер Алексей Оверчук өткен аптада Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы Интеграциялық форумында жосықсыз импорттың, оның ішінде ЕАЭО елдерінен тауарлардың сұр ағынының түбегейлі жолын кесуге кірісетінін, қаулыны жұрттың назарына ұсынауға осы себеп болғанын айтқан.
ЕАЭО басты қағидаларының бірі жасанды интеллект арқылы үйлестіру логистикадағы кідірістерді азайтып, транзит мүмкіндіктерін арттыруы тиіс деген ұсыныс та біздің жақтан айтылды. Біздің жақтың ұстанымы бойынша бұл міндет одақтың басты қағидаларының бірі ретінде шешіліп, тауарлар қозғалысының еркіндігі іске асып, кедергісіз ішкі нарық құрылуы қажет. Сарапшылардың айтуынша, бұл уақыт өте келе шешілетін мәселе. Экономикасы, ұстанымы әр бағыттағы елдердің аса күрделі мәселелерде бір шешімге келуі уақыттың еншісінде.
Сарапшы Замир Қаражановтың айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттерді экономикалық теңестіру кеңістігіне айналдыруға мүдделі емес. Тауарды ЕАЭО ішінде өткізу үшін ұлттық сүзгілерден өтіп, нақты шекарадағы әрбір партияның заңдылығын дәлелдеу қажет болса, онда «бірыңғай кеңістік» ұғымы заңдық фикцияға айналады.
Одақ шеңберінде ана-тұра айтылып қалатын түсінбестіктерге де осы себеп болып жатыр. Одаққа мүше 5 мемлекет арасындағы сауданы жоғары деңгейде деп айта алмаймыз. 2025 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4% -ға төмендеп, 27 266,1 млн, АҚШ долларын құрады. Соның 88.7 пайызы Ресеймен, одан кейін Қырғызстан (7,2%), Беларусь (3,8%) және Армения (0,2%). Осы екі мысалдың өзі ЕАЭО-ның құрамындағы 5 елге еркін сауда алаңын ұсына алмай, үш елдің мүмкіндігімен шектеп отыр. ЕАЭО елдерімен сауда саттық саясатын қайта қарайтын кез келді.
Оның айтуынща біздің ел көршілерімен сауда саясатын еларалық келісімдер шеңберінде шеше алады. Қырғыз, өзбек елімен өнімдерін, күнделікті тұрмыста қолданатын тауарларды шығаратын тауарларды шығаратын бірікккен кәсіпорындар салу ЕАЭО заңдарына қайшы келмейді. Біздің елдеріміз бұл мәселенің стратегиялық жағынан тиімділігіне енді назар аударып жатыр. Қазір елдің оңтүстігінде Түркия, Әзірбайжан, Қытаймен бірлескен зауыт-кәсіпорындар көптеп салынып жатыр. «Алдағы уақытта ЕЭК кеңесі мүше елдер арасындағы бірлескен кәсіпорындар мәселесін көптеп салуға назар аудару керек. Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық форумдардың жұмысы жақсы нәтиже беріп жатыр. Қырғызбен арадағы өңіраралық форумдар жа жемісін бере бастады. Мұндай бастамалар ЕАЭО үшін өте тиімді. Себебі Ресейден өзге 4 елдің бір-бірімен экономикалық интеграциясы жақсы дамымаған. Ендігі жерде бір-бірімен көрші қонған елдер біріккен кәсіпорындар арқылы одақ ішіндегі сауда -саттық көлемін арттыра алады» дейді Замир Қаражанов.
Оның айтуынша, ресми Астана мен Ташкенттің болашаққа қатысты ортақ ұстанымы Орталық Азиядағы интеграцияға тікелей әрі оң әсер етеді. Қаржы секторындағы қазақстандық банктің несиелік портфелі мен активтері 5 жыл ішінде 600 млн доллардан асты. «Қазақстанның төрағалығы кезінде ЕАЭО-ның сыртқы әлеммен экономикалық байланысын кеңейтуге ерекше назар аударылады», дейді Замир Қаражанов. .
АЛМАТЫ