Көптің көңілін алаңдатып жүрген ауыл мәселесі Алматыда өтіп жатқан XIII CFO SUMMIT -те көтерілді. «Ракурс» орталығының директоры Ораз Жандосов Қазақстан мұнай өнімдерінің бағасын ырықтандырып, ауыл шаруашылығы жерлерін жалға алу жүйесін өзгертуі қажеттігін айтты.

Оның айтуынша, отандық экономиканы дамыту үшін мұнай өнімдерінің нарықтық бағасына көшу керек. Ырықтандыру маңызды, себебі онсыз нарық пен жеке инвесторларға нақты сигнал жоқ.
«Біз төртінші МӨЗ қажет пе, жоқ па деп талқылап жатырмыз. Егер, мұнай өнімдерін ырықтандырсақ, мұның өзектілігі күн тәртібінен түсіп қалады», дейді Ораз Жандосов.
Экономистің айтуынша, бұл нарыққа жаңа қуаттардың қайда және қашан қажет екенін анықтауға, мұнай құбырына қолжетімділіктің ашық тетігі және бағаны ырықтандыру қолда бар инфрақұрылымға жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
О. Жандосов бөле-жара айтқан екінші міндет агросектордағы жер пайдалану жүйесіндегі проблемалармен байланысты. Спикердің айтуынша, бұл мәселені жерді 49 жылға жалға берудің қолданыстағы схемасынан бас тартқан жағдайда шешуге болады. Біз осы арқылы меншік құқығын кеңейту учаскелерді банктер үшін кепіл ретінде пайдалануға, сондай-ақ секторды қаржыландыруды ынталандыруға мүмкіндік аламыз.
Экономистің үшінші ұсынысы өнеркәсіп саясатына қатысты. Оның пікірінше, ол түсінікті және барынша тар болуы тиіс, яғни мемлекет компаниялардың шектеулі санын қолдауға тиіс. Қалғаны, оның пікірінше, инвестициялық климат пен ырықтандыру шараларына байланысты.