Вице-премьер Серік Жұманғарин әлемдік нарықта мұнай бағасының өсуі байқалғанымен, Қазақстан үкіметі ел бюджетін қайта қарауға ниетті емес екенін айтты. Қалыптасқан жағдай әзірге мемлекеттің негізгі қаржы құжатын өзгертуге негіз бола алмайды.

Мұнайдың қымбаттауы қаншалықты тұрақты екені және олардың немен аяқталатыны әзірге белгісіз.
«Біз бұл қақтығыстың тезірек аяқталып, тараптардың бейбіт келісімге келгенін қалаймыз. Бізде Иранмен ЕАЭО аясында еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойылған. Сондай-ақ, Парсы шығанағындағы барлық елдермен белсенді сауда-саттық жүріп жатыр», — деді ол.
Айта кетерлігі, 2026 жылға арналған республикалық бюджетте мұнайдың баррелі 60 доллар деңгейінде бекітілген.
Дегенмен, соңғы күндері биржада қара алтын бағасы 83–85 долларға дейін көтеріліп, соңғы екі жылдағы рекордты жаңартты.
Қазақстан үшін мұнайдан түсетін табыс маңызды болғанымен, ресми Астананы қазіргі уақытта Таяу Шығыстағы, соның ішінде Иран төңірегіндегі жағдайдың гуманитарлық аспектісі көбірек алаңдатады
Мұнай баррелінің бағасы Қазақстанның кірісін тікелей айқындайды
Сарапшылардың есептеулері бойынша баға белгілеулердің ауытқуының әрбір доллары бюджет түсімдерінің 150 млн долларына тең. ING халықаралық банк тобы (Internationale Nederlanden Groep – АҚШ-қа тікелей тәуелділіктің шектеулі болуына қарамастан, әсер жанама арналар арқылы көрінеді: Экономист Эльдар Шамсутдиновтың айтуынша, барреліне әрбір 1 доллар Қазақстанға 550 млн доллар экспорт пен бюджетке 150 млн доллар қосады; Әзірбайжан үшін – 300 млн доллар және 150 млн доллар көлемінде әсер етеді.
Бірақ мұның бәрі жалпылама деңгейде. Соңғы нүктені біздің мұнайдың қандай сорт және қандай бағамен саудаланғанына байланысты жағдай қояды.