2025 жылға қарай ЕАЭО экономикалық қаңқасы төрт еркіндікті (тауарлар, қызметтер, капитал, жұмыс күші) кедергісіз толық іске асыруға бағытталған.

Негізгі назар индустриялық кооперацияға, импортты алмастыруға (азық-түлік, құрылыс материалдары өндірісінің өсуі) және ортақ нарықты қалыптастыруға аударылады, бұл 2025 жылғы трендтермен расталады. Интеграция қатысушы елдер экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Басым бағыт кедергілерді жою: Тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын толық қамтамасыз ету. Институционалдық интеграция: ЕАЭО интеграция деңгейі бойынша ЕО-дан кейін екінші орында тұр.
2025 жылы Еуразиялық экономикалық комиссияның күш-жігері ынтымақтастықтың қолданыстағы тетіктерін дамытуға бағытталған.
Одақ мүшелері арасында талқылауды, шешіп алуды кейінге қалдыруға болмайтын жайттар жетеді. Бұрын кедендік алымдар тең бөлінсе деген ұсыныстар деген ұсыныс тек тәуелсіз сарапшылар деңгейінде айтылатын. Қазір мемлекеттік деңгейде жиі көтеріліп жүр. Ол кезде бұл ұсыныстарға ЕЭК мән берген жоқ. Ресейдің еншісін 85 пайыз 2015 жылы заңдастырылып қойған. Осы мәселе біздің төрағалығымыз тұсында шешімін таппаса да қайта қозғалады, сауда үлестері туралы мәліметтер жаңартылады деп біз де үміттенеміз.
ЕАЭО мүше мемлекет үшінші елдің тауары үшін кедендік баждан алынған алымды өз бюджетіне аудара алмайды, оны толығымен ортақ қазанға салуға міндеттіекенін осыған дейін жаздық. Мұнда ең үлкен үлес – 85,065%-ы Ресейге тиесілі деген шарт осыдан 10 жыл бұрын заңдастырылып қойған.
Ең көп үлес (85%) Ресейге тиесілі.
• Қазақстан шамамен 7%,
• Беларусь — 4,8%,
• Қырғызстан — 1,9% және
• Армения — 1,2% алды.
• Бұл түсімдер жылына 45,6% -ға өсіп, 15 млрд, АҚШ долларына жетті.
• Демек, 15 млрд доллардың 85 пайызы, 12 млрд 750 млн доллар — Ресейге, 7 пайызы, 1 млрд 50 млн доллар біздің бюджетке түсіп жатыр.
Төрағалығымыз ұпайымызды түгендеп береді немесе жағдайды 100 пайызға өзгертіп жібереді деп сеніп қалуға болмайды
ЕАЭО-дағы кедендік баж салығындағы түрлі әңгімелер 2022 жылы басталған.Өйткені тауарлар қазір Қазақстан мен Қырғызстан арқылы кіріп жатыр. ЕАЭО-дағы негізгі шешімдер нақты бір жылда қандай елдің төрағалық ететініне қарамастан қабылданады. Мысалы, энергия көздерінің бірыңғай нарығын құру туралы мәселе одақ шеңберінде оншақты жылдан бері айтылып келе жатыр.
Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері өткен желтоқсанда мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыруға келісті. Келісім 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл шешім құжат жүзінде «бағаны тұрақтандыру» деп сипатталса да, іс жүзінде бағаны теңестіруге міндеттеліп отыр. Біздің ел үшін басты сын-қатер – мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі мен нарықтық экономика қағидаттары арасындағы теңгерімді табу.
Сарапшылардың басым көпшілігі Ресей экономикасы біздің елмен салыстырғанда әлдеқайда әртараптандырылған деген пікірге басымдық беріп келді. Ол елдегі мұнай-газ кірісінің үлесі 40% болса, бізде 60%. Бірақ сарапшыларымыз біздің елдің логистикалық артықшылығы көп екенін айтады. Нақтыласақ, Ақтау және Құрық теңіз порттары және Қытай мен Еуропа арасында жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құрлықаралық автомагистраль.
Қазақстандық сарапшы Эдуард Полетаевтың айтуынша, ЕАЭО сауда саясатына өзгеріс керек. Қазақстан мен Қырғызстан 2025 жылы ІЖӨ өсімі бойынша ЕАЭО көшбасшыларының қатарында болды: Өткен жылы Қырғызстанның экономикасы шамамен 10 пайызға, Қазақстанның экономикасы — 6,3 пайызға өсті. Біздің елдеріміз барлық деңгейде өзара сенімге негізделген саяси диалог орнатты. Мемлекетаралық, парламентаралық және үкіметаралық кеңестер жұмыс істеп тұр. Тек кемшін түсіп тұрған тұс сауда саттық. Сарапшылар да екі ел бір-бірінің мүмкіндігін қажетінше пайдалана алмай отырғанын жиі айтады.
2022 жылға дейін біздің нарықтағы сүт өнімдерінің 20 пайызы қырғыздың үлесінде болса, қазір ол 8 пайызға дейін түсіп кетті. Қырғызға қазақ нарығының, қазаққа қырғыз нарығының толыққанды зерттелмеген тақырып. 2025 жылдың қортындысы бойынша ел ел арасындағы тауар айналымы 1.4 млрд долларға енді жетті.
Э. Полетаевтың айтуынша, қырғыз елімен сауда саттықты жаңа деңгейде көтеруді ел аралық келісімдер шеңберінде шеше аламыз. Шекаралық аймақтарда азық-түлік өнімдерін, күнделікті тұрмыста қолданатын тауарларды шығаратын тауарларды шығаратын бірікккен кәсіпорындар салу ЕАЭО заңдарына қайшы келмейді. «Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығы шамамен 1212 км-ден 1241 км-ге дейін құрайды. Шекара сызығы Өзбекстанмен шектесетін жерден басталып, Қытайдың шекарасына дейін созылып жатыр. Демек шекаралық аймақтарда біріккен кәсіпорындар ашатын кез келді. Біз сол кезде ғана ішкі нарықты өз өнімдерімізбен толтыра аламыз. Интеграция заңы тек бір-біріне дем бере отырып, дамыған елдерді ғана қолдайды» дейді Э. Полетаев.
Э. Полетаевтың айтуынша, біздің елдеріміз бұл мәселенің стратегиялық жағынан тиімділігіне енді назар аударып жатыр. Қазір елдің оңтүстігінде Түркия, Әзірбайжан, Қытаймен бірлескен зауыт-кәсіпорындар көптеп салынып жатыр. Қырғыздар да кіші-гірім кәсіпорындарымен елге келе бастады. Қазақстанда тіркеліп жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың бәрі біздің меншігіміз болғандықтан ЕАЭО елдеріне кедендік баж салығынсыз өтеді. Сарапшының айтуынша, бұл бағыт та елдің ЕАЭО немесе басқа елдермен сауда саттығы көлеміне әсер ететін факторлар.
Экономикалық сарапшы Сапарбай Жобаев айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттерді экономикалық теңестіру кеңістігіне айналдыруға мүдделі емес. Кедендік төлемнен қай ел қанша пайыз алатыны мемлекеттің жалпы ішкі өніміне бекітілген. Мұның сыртқы саудаға қатысы шамалы. Сондай-ақ кедендік төлемді салықтан түсетін табыспен байланыстыруға да болмайды. Ресейдің қиыр шығысындағы ЕОЭО мүше емес елдің сауда кемесі жеткізген төлемнен 6,9 пайыз үлесіміз біздің қоржынға түседі. Бірақ Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттерді экономикалық теңестіру кеңістігіне айналыруды көздемейді. «Одаққа мүше 5 мемлекет арасындағы сауданы жоғары деңгейде деп айта алмаймыз. 2025 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4% -ға төмендеп, 27 266,1 млн, АҚШ долларын құрады. Соның 88.7 пайызы Ресеймен, одан кейін Қырғызстан (7,2%), Беларусь (3,8%) және Армения (0,2%). Осы екі мысалдың өзі ЕАЭО-ның құрамындағы 5 елге еркін сауда алаңын ұсына алмай, үш елдің мүмкіндігімен шектеп отыр.
«ЕАЭО экономикалық тұрғыдағы әлеуетін толық пайдалана алмай жүр. Қырғызстан мен Арменияның мүмкіндігі игерілмеген кеңістік. Қазір Армения ЕО елдерімен сауда үлесін, Қырғызстан да іргелес елдермен біріккен кәсіпорындар салу арқылы сауда үлесін арттыруға тырысып жатыр. Бұл бағыт алдағы уақытта тереңдей береді», дейді С. Жобаев.
С. Жобаевтың айтуынша, қазір Өзбекстанмен арадағы сауда байланысы 4 млрд доллар. Алдағы бірер жылда бұл көрсеткішті 10 млрд долларға жетеді деген үміт бар. Біріккен кәсіпорындарды көптеп салуға екі жақ та мүдделі. Бізге ең бастысы бір-біріміздің мүмкіндігімізді пайдалану керек.
Қазіргі жағдайларда Қазақстан үшін сыртқы серіктестермен тұрақты экономикалық байланыстарды дамыту — экономикық дамудың маңызды сегменттерінің бірі болып қала бермек. Әрбір елдің интеграция негізінде өз басымдықтары бар. Мысалы, Қазақстан мен Өзбекстанның байланысы аймақтағы интеграцияның өлшемі екенін сарапшылар жиі айтады. Бұл қос ел арасында қабылданған декларацияда да жазылған. Ресми Астана мен Ташкенттің болашаққа қатысты ортақ ұстанымы Орталық Азиядағы интеграцияға тікелей әрі оң әсер етеді.
«Өзбекстанның тұрғын үй нарығында біздің компанияларымыздың үлесі басым. Ал қаржы секторындағы қазақстандық банктің несиелік портфелі мен активтері 5 жыл ішінде 600 млн доллардан асты. Ел бойынша 20-ға жуық өкілдік жұмыс істейді. Банк тұтынушыларға заманауи қызметтер ұсынып, маркетплейс сервистерін енгізді.Сапарбай Жобаевтың айтуынша, Қазақстанның төрағалығы кезінде ЕАЭО-ның сыртқы әлеммен экономикалық байланысын кеңейтуге ерекше назар аударылады. Алдағы уақытта Араб елдерімен, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка мемлекеттерімен ынтымақтастықты тереңдету жоспарланып отыр», дейді С. Жобаев.
С. Жобаевтың айтуынша, Өзбекстанның ЕАЭО-ға мүшелігі Қазақстанға барлық жағынан тиімді болар еді. Өзбекстан мен Ресейді байланыстырып тұрған төте жол жоқ. Ол елден біздің жер арқылы өткен тауарлардың кедендік баж салығын одақтың ортақ қазанына төлеп отырмыз. Екі ел арасындағы кедендік баж салығының тауар құнына әсері де екі елдің қалтасына артық «салмақ.
«Бірақ соған қарамастан қазақ пен өзбек жақын көршілер ғана емес, бір-бірін бауырлар ретінде қолдап отырады. Мүшелікке қабылданса біздің дауысқа қырғыздармен бірге дем беріп отыратыны анық. Біздің елде Өзбекстан резиденттерінің қатысуымен 1400-дей кәсіпорын жұмыс істейді. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылады. Бұл орталық Қазақстанның «Атамекен» және Өзбекстан жағынан «Гулистан» бақылау-өткізу бекеттеріне жақын орналасады. «Ресми Ташкент ЕАЭО-да бақылаушы болуға әзір және оған мүшеліктен барлық мүмкін болатын артықшылықтар мен шығындарды сараптауға ниетті. Тәжікстанның алдында да осындай мәселе тұр», дейді Сапарбай Жобаев.
Сапарбай Жобаевтың айтуынша, ресми Ташкент халықаралық блоктар мен коалицияларға қатысты өздерін өте сақтықпен ұстайды.
«Өзбекстан ЕАЭО-ға мүшелік туралы шешімді Дүние жүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылданып, оның тиімді -кері тұстарын зерделеп болған соң ғана қабылдауы мүмкін. Қысқасы, Өзбекстан ЕАЭО-қа ішкі жалпы өнімі жағынан көршілерімен тең тұратын дамыған ел ретінде қабылдануды жөн көріп отыр», дейді Сапарбай Жобаев.