
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес үкімет парламентпен бірлесіп жедел режимде бірқатар заңдар мен заңға тәуелді актілерді жаңа Конституциямен сәйкестендіруі тиіс. Әңгіме бірінші кезекте бес жаңа конституциялық заң мен кодекстерді қоса алғанда, 60-тан астам заңды қабылдау және қолданыстағы сегіз конституциялық заңды түзету туралы болып отыр. Сонымен қатар, Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту қажет», — деп атап өтті ол. Жоспар Конституцияны жаппай басып шығаруды, оны жалпыға бірдей қолжетімді электрондық платформаларда орналастыруды, білім беру саласы үшін әдістемелік ұсынымдар мен оқу құралдарын әзірлеуді көздейді.
«Еліміздің жаңа Негізгі заңы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет», — деп тапсырды Олжас Бектенов.
Ол мемлекет басшысының басшылығымен жүргізіліп жатқан еліміздің жан-жақты трансформациясы және қоғамның белсенді қолдауы Қазақстанды кез келген сын-қатерлерге неғұрлым орнықты етеді «, — деп атап өтті.
Бұл маңызды құжат бірлік пен әділдіктің, заң мен тәртіптің іргелі ұстанымдарын негізге ала отырып, біздің ұлттың ұзақ мерзімді болашақтағы дамуын айқындайды», — деп атап өтті Премьер-Министр.