
Үкімет біз осы арқылы нарықты реттейміз десе, кәсіпкерлер оның шикі тұстарына назар аударып жатыр.
Өндірушіден тұтынушыға дейінгі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс бұл жұмысты қай тұрғыдан жетілдіру қажет?
Кәсіпкерлердің ойына ден қойсақ, тауар таңбалау бизнес иелеріне қойылатын тосқауылдарды азайтады. Бірақ шаруаға қолбайлау болып тұрған мәселе бар. Тауарларды таңбалау қызметінің ұлттық операторына әлі монополиясыздандыру жасалмаған. Екінші жағынан, министрлік таңбалау нарықтың ашықтығына, заңсыз айналым көлемінің қысқаруына және салық түсімдерінің ұлғаюына алып келеді деп сенеді.
Қазақстандық бизнесмендер тауарларды міндетті түрде таңбалау туралы көзқарасын кеше тағы да айқындады. Олар бұл жергілікті өндіріс процесін және импорттық тауарларды жеткізуді баяулатып, қымбаттатады деп есептейді, бұл қазынаға жылына 56 млрд теңгеге түседі.
Тікелей сату және бөлшек сауда қауымдастығының өкілі Анастасия Калашникованың айтуынша, таңбалауды енгізу өндіріске кететін уақытты арттырады. Егер бұрын тауарды өндіруге жеті күн қажет болса, сегіз күн болады. «Біз импорттаушылар ретінде Қазақстанға әкелінетін өнімді таңбалауға тиіспіз. Тауарлар қораптарға салынғандықтан, біз оларды шешіп алып, әрбір тауарға таңба жапсырып, кері буып-түюіміз керек. Ол үшін арнайы орын болу керек — шекарада немесе кеденде. Осымен айналысатын адамдар қажет. Осылайша, бізде бос тұрып қалу мен еңбек шығындары ұлғаюда. Бұл өзіндік құнға да әсер етеді», — деді Тікелей сату және бөлшек сауда қауымдастығының өкілі Анастасия Калашникова.
Алкогольсіз сусындар мен шырындар өндірушілер қауымдастығынан Әлия Мамытбаева.үкіметтің пікірін қолдайды. Бірақ мәселені жалпылама шешуге болмайды,. Бірінші кезекте көлеңкелі нарық үлесі жоғары салаларда және контрафактілік әдіспен қолдан жасау немесе тарату тиімді қымбат брендтелген өнімдерге қатысты міндетті таңбалауды енгізу қажет, «Бұдан басқа, кеденнің ашық жұмысы және барлық жерде үздіксіз интернет мәселесі шешілмеген, таңбалауды енгізуге әлі ерте. Оған қоса, бізде өнімділікті 30%-ға төмендететін ресейлік модель бойынша таңбалау жүргізілмек», — деп хабарлады Алкогольсіз сусындар мен шырындар өндірушілер қауымдастығынан Әлия Мамытбаева.
Оның айтуынша, таңбалау ерікті болуы тиіс. Көлеңкелі нарықтың үлесі жоғары болған жағдайда заңды ойыншылардың өздері бақылауды күшейтуге мүдделі болады. Тұтынушыларға қауіп төндіруі мүмкін тауарлар, мысалы, фармпрепараттар міндетті түрде таңбалануы тиіс, деп есептейді бизнесмендер. Егер бәрін таңбалайтын болсақ, онда барлық шығындардың жалпы құны 56 млрд-қа жетеді, деп қосты қатысушылар.
Міндетті таңбалауды енгізудің негізгі дәлелдерінің бірі көлеңкелі экономикамен күрес деп аталды. Алайда, BSR зерттеу тобының экономисі Мадияр Кенжеболатты мұндай қисын мазалайды.
» 2014 жылдан 2024 жылға дейін көлеңкелі нарықтың үлесі екі есеге жуық төмендегенін және 2024 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің бар болғаны 1,17% құрағанын көрдік. Біз онсыз да жағдай үнемі жақсарып отыратын салаларға таңбалауды енгізудің не қажеті бар екенін түсінбейміз. Біздің ойымызша, бұл орынсыз, оның үстіне ЭШФ (электрондық шот-фактуралар), «Виртуалды қойма» сияқты тауарларды бақылаудың тамаша құралдары бар және оларды тек пысықтау қажет», — деді ол. Бұнымен дөңгелек үстелдің басқа да қатысушылары келіседі. Олардың пікірінше, егер ЭШФ жетілдірілсе, коммерцияланбағандар таңбалаумен айналысуға мәжбүр болмайды, бұл ретте тауарлар қозғалысын бақылау да тиімді болады.