Бұл жолғы баға өсіміне, Иран билігінің Таяу Шығыстағы энергетикалық нысандарға соққы беруі себеп болды, деп хабарлайды Reuters.

Нақтыласақ:
- Brent фьючерстері барреліне $112,84 дейін 65 центке өсті.
- Америкалық WTI мұнайы барреліне $98,75 дейін көтеріліп, 84 цент жинады. Бұған дейін екі сорт да алдыңғы сауда-саттықта доллардан артық жоғалтқан болатын.
- Brent пен WTI арасындағы $13 айырмашылық — соңғы жылдардағы ең елеулі көрстекіш
«Қысқа мерзімді перспективада мұнай бағамдарына қауіп-қатерлер мен мәлімдемелер әсер етуі мүмкін. Бірақ ұзақ мерзімді жоспарда олар бұрынғысынша Таяу Шығыстан жеткізілім жағдайын анықтайтын болады», — деп атап өтті Vanda Insights негізін қалаушы Вандана Хари.
Осының аясында мұнай бағасы қайтадан өсе бастады. Халықаралық энергетикалық агенттіктің атқарушы директоры Фатих Бироль 23 наурызда Таяу Шығыстағы жанжал 1970 жылдардағы екі дағдарыстан гөрі мұнай бағаларына айтарлықтай әсер ететінін мәлімдеді.
Сарапшылардың бағалауынша, Ирандағы соғыс салдарынан мұнай жеткізілімінің төмендеуі тәулігіне 7-10 млн баррельді құрайды.