Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНДРА ) Қазақстанда еншілес банк ашуға Abu Dhabi Commercial Bank (ADCB) рұқсатын берді.

ADCB — Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі банктерінің бірі. Оның негізгі акционері — Абу-Даби үкіметіне толығымен тиесілі Mubadala Investment Company инвестициялық компаниясы. 2025 жылдың қорытындысы бойынша банк активтері $210 млрд-тан, меншікті капитал — $24 млрд-тан, таза пайда — $3 млрд-тан асты. Халықаралық рейтинг — Fitch Ratings шкаласы бойынша A +/F1/Stable.
ADCB қазақстандық «еншілесінің» жалғыз акционері болады және оны жарғылық капиталмен, стратегиялық басқарумен және операциялық қолдаумен қамтамасыз етеді. Жаңа банк банктік қызметтердің толық спектрін ұсынуды жоспарлап отыр. Ол дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін әмбебап банктік лицензия алады. Бұл ретте ұйым «исламдық терезе» тетігі арқылы исламдық қаржыландыруды дамытатын болады.
Атап өтерлік жайт, Қазақстанда Abu Dhabi Commercial Bank-қа тиесілі қаржылық ұйым жұмыс істейді. Әңгіме Қазақстандағы және ТМД-дағы алғашқы ислам банкі — Қазақстан мен БАӘ үкіметтерінің келісімі бойынша 2010 жылы құрылған ADCB Ислам банкі туралы болып отыр.
2024 жылғы шілдеде Al Hilal банкі қайта ұйымдастыруды жүргізді, одан кейін БАӘ-ден Al Hilal арқылы емес, тікелей Abu Dhabi Commercial Bank бас компаниясына тиесілі болды. Осыдан кейін қаржылық ұйым өз атауын өзгертті.
2025 жылдың қыркүйегінде ҚНДРА басшысы Мәдина Әбілқасымова екі шетелдік банк Қазақстанда жұмыс істеу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады. Сол кезде әңгіме алғаш рет Abu Dhabi Commercial Bank-тың жаңа «еншілесі» туралы болды.