
Өткен аптадан бастап АҚШ доллары 500 теңгенің белгісінен төмендеп кетті. Бір- бірімен теке-тіресіп жатқан пікірлердің арасында көңілге қонымдылары көптің арасынан дараланып шығып жатыр. Басым пікір Ұлттық қордың трансфері мен салық түсімдері дем бергенін айтады.
Сарапшы Б. Зиябековтың айтуынша, дамыған елдерде теңге экономикалық ресурстар арқылы күш жияды. Ал бізде жағдай басқан. 2025 жылдың төртінші тоқсаны мен екінші жартыжылдығына салық есептілігін ұсыну үшін компаниялар валюталық түсімді теңгеге айырбастайды. «Ақпан айы дәстүрлі түрде теңгеге сұраныстың, әсіресе оның ортасына келетін айға айналады. Алайда валюта нарығы бұл факторды алдын ала ақтай бастады, сондықтан біз ақпан айының басынан бері ұлттық валюта бағамының нығайып келе жатқанын көріп отырмыз» дейді сарапшы.
- Ұлттық банк ақпан айына жоспарланған $350-450 млн. мөлшеріндегі валютаны сатуды жариялады.
- Осылайша, валюта нарығына күн сайын шамамен $18-20 млн құю доллардың артық ұсынысын тудырады.
- Бұдан басқа, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% жоғары деңгейде сақтайды,
- Бұл депозиттер мен мемлекеттік облигацияларды қоса алғанда, теңгелік құралдарды инвесторлар үшін тартымды етеді.
- Осының негізінде инвесторлардың кэрри-трейд мәмілелеріне қызығушылығы артады, инвесторлар жоғары теңге мөлшерлемесімен ақша табу үшін долларды сатады.
Сарапшылар резидент еместердің ұлттық валюта бағамына ықпалын теріске шығаруға болмайтынын ескретеді.
«Шетелдік ойыншылардың кэрри-трейд мәмілелер арқылы көрсететін ықпалы — теңгені нығайтудың маңызды факторларының бірі. Қазақстандағы жоғары базалық ставканы ескере отырып, резидент емес инвесторларға салыстырмалы түрде төмен ставкалы валютамен қарыз алу тиімді» дейді Б. Зиябеков.
Ақпан айы теңге үшін аса жайлы айлақтардың бірі екенін осыған дейін талай рет байқадық. Оның үстіне, валюта нарығының қатысушылары теңгенің нығаюының техникалық факторлары әлсіреген соң долларлық активтерге жаппай оралуға тырысатын кэрри-трейд мәмілелерінен кері әсер ету ықтималдығы жоғары. Бірақ теңге 2026 жылдың алғашқы жартылығын 1 доллар үшін 510-530 көрсеткішпен қарсы алуы да мүмкін. Себебі теңгеге дем беріп тұрған факторлар тек маусымдық сипатпен шектеліп отыр.
Ақпан айында 2025 жылдың IV тоқсанына бірқатар маңызды салықтар төленеді, деп атап өтті сарапшылар.
Қаржы талдаушыларының пікірінше, теңгенің нығаюы жекелеген компаниялардың жеке операциялық қажеттіліктері үшін валютаның біржолғы айырбасталуын және/немесе резидент еместердің қаражатының ішкі нарыққа келуін күшейтуі мүмкін. Қаңтар айында резидент еместердің мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестициялары 171 млрд теңгеге немесе 8,7% -ға өсіп, 2,1 трлн теңгеге жетті.
Сарапшылардың сөзінше , сыртқы жағдайлар да теңгеге оң қарап тұр. Қаңтардың құбылмалылығынан кейін доллар әлемдік нарықтарда айтарлықтай тынышталады, ал дамушы елдердің және жалпы өңірдің валюталары тұрақтылықты көрсетеді. Бұл Қазақстанның ішкі валюта нарығына қысымды төмендетеді.
Тәуекелдер қайда туындауы мүмкін
Бұл ретте нарыққа толығымен босаңсуға бірден бірнеше фактор мүмкіндік бермейді.
- АҚШ-тың жаңалықтары. Федералдық резервтің кез келген күтпеген сигналдары, инфляция немесе еңбек нарығы бойынша деректер жаһандық долларды күшейтіп, жергілікті бағамға тез әсер етуі мүмкін.
- Шикізат нарықтары. Мұнай мен металдар геосаясат пен макроэкономикалық күтулерге сезімтал күйінде қалып отыр. Бағаның күрт ауытқуы инвесторлардың көңіл-күйін бір-екі күнде өзгертуі мүмкін.
Кім қалай қабылдайды
Халық теңге мен доллардың динамикасына көзі үйренді. Бизнес үшін — төлемдерді ағымдағы бағамен жоспарлауға мүмкіндік алды. Әзірге теңге 9-15 ақпан аралығында күшінде болады. Себебі теңгені қолдап тұрған факторлар әзірге айылын жиған жоқ.