
Алтынның буы туралы әңгіме есте жоқ заманнан бері айтылып келе жатыр. Жер қойнауындағы алтын қоры 300 жылға жететін Қазақстан бюджетіне алтынның әсері туралы зерттеулер енді ғана ашық айтылып жүр.
Қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстанның таза халықаралық резервтері бір айда 10,12% -ға ұлғайып, $69,5 млрд құрады,
Жалпы халықаралық резервтер (Ұлттық банктің міндеттемелерін ескере отырып) $71,5 млрд. дейін 9,43% өсті.
Бір жыл ішінде — 2025 жылғы қаңтардан бастап — валюталық активтер $5,1 млрд-қа (-24%) қысқарды, ал алтын қорлары айтарлықтай $29,4 млрд-қа (+114%) ұлғайды.
Ұлттық қордың халықаралық активтерінің көлемі бір айда 1,22% -ға — $64,6 млрд дейін, бір жылда — 11% -ға өсті.
«Өткен жылдың басынан бері Қазақстанның халықаралық резервтері өсімінің басым бөлігі алтын бағасының өсуі есебінен қамтамасыз етілді. 2025 жылдың басында Ұлттық қор + ЕАВ $80,8 млрд, 2026 жылғы қаңтардың аяғында — $81 млрд құрады Осылайша, бұл факторсыз Қазақстанның резервтері іс жүзінде сол деңгейде қалады деп айтуға болады», — деп Alatau City Invest сарапшылары статистикаға түсінік берді.
2026 жылдың ақпан айының басындағы деректер бойынша, Қазақстанда 1 грамм таза алтынның (999 проба) ресми бағасы шамамен 77 000 — 81 000 теңге аумағында құбылып тұр.
Алтын бағасының бюджетке әсері
Алтын құнының өсуі — Қазақстанның мемлекеттік қаржы жүйесі үшін практикалық пайда. Ұлттық банк өткен жылы қымбат металды сатып алу көлемі бойынша орталық банктер арасында екінші орын алып, әлемдегі ірі алтын сатып алушылардың біріне айналды.
Алтын портфель халықаралық қаржы нарықтарында валюта активтерінің тартымдылығы әлеуетті төмендеген жағдайда олардың құнын сақтауға көмектесе отырып, елдің алтын және валюта резервтерінің едәуір бөлігін құрайды. Ол сондай-ақ тәуекелдерді әртараптандыруға ықпал етеді және жаһандық құбылмалылық кезеңдерінде резервтердің жалпы көлеміне тұрақтандырушы әсер етуі мүмкін.
«Қазақстанда қаңтар айының соңында бір грамм алтынның құны тарихи мәнге жетіп, бір грамм үшін 89 мың теңгеге дейін ұлғайды. Алайда, халықаралық нарықтардағы түзетулерден кейін 6 ақпанға қарай ҚР-дағы баға 13,1% -ға, 77,3 мың теңгеге дейін төмендеді. Бұл ретте жыл басынан бері алтынның құны 9,1% -ға өсті, бұл әсіресе Барлық ғашықтар күні мен Халықаралық әйелдер күні қарсаңында зергерлік бұйымдардың бөлшек сауда бағаларына қысым көрсетуді жалғастыруда», — деп атап өтті сарапшылар.
Өндірістің құндық көлемінің өсуі уақыт бойынша алтын бағасының белсенді өсуімен тұспа-тұс келді. Осылайша, 2024 жылдың сәуірінде сектордағы шығарылым көлемі 105 млн теңгені құрады, ал желтоқсанға қарай ол 258 млн теңгеге дейін ұлғайды.
«2025 жылы зергерлік және ұқсас бұйымдар өндірісінің айлық көлемі қаңтар айында 166,2 млн теңгеден желтоқсан айында 303,3 млн теңгеге дейін өзгерді. Жыл қорытындысы бойынша орташа айлық өндіріс көлемі 229,8 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда едәуір жоғары. Бұл өсімнің негізгі драйвері ретінде баға факторының сақталуын растайды», — деп қорытындылады зерттеу авторлары.
Алайда сарапшылар алтын бағасының өсуін тек теңгенің әлсіреуімен байланыстыруға болмайтынын айтады. Олар бұл құбылысты әлемдік нарықтағы геосаяси және экономикалық тұрақсыздықпен, сондай-ақ инвесторлардың қауіпсіз активтерге көшу тенденциясымен байланыстырады.
Қаржыгер Гимран Әбдірахмановтың пікірінше, мемлекет экономикасындағы алтын қор қауіпсіздік тетігі рөлін атқарады. Ол тіпті инфляцияны төмендетуге де қатысады.
« Еуро мен доллар тұрақты валюта болып саналса да, алтын — барлық уақытта сенімді және қауіпсіз құрал. Себебі экономиканың циклдік сипаты кезеңінде компаниялардың акциялары, валюталар және басқа да активтер өзгереді. Біздің теңгеміз де тұрақсыз екенін көріп отырмыз. Сол себепті алтын қорларды жүйелі түрде толықтыру — ең дұрыс әрі тиімді қадам», дейді сарапшы.
Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі елдің пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілу мерзімдері бойынша жаңартылған деректерді жариялаған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, қазіргі өндіру көлемін ескерсек, Қазақстандағы алтын қоры 30 жылға жетеді.
Еске салайық, Қазақстанның минералдық-шикізат базасы қатты және кең таралған пайдалы қазбалар, көмірсутектер және жерасты сулары кен орындарын қамтиды. Мемлекеттік теңгерімде барлығы 987-ден астам қатты пайдалы қазбалар кен орындары, оның ішінде 355 — көмірсутекті, 987 — қатты пайдалы қазбалар, 3 666 — кең таралған пайдалы қазбалар және 4 540 — жерасты сулары кен орындары есепке алынады.