Мұнай және газ министрлігін қайта жандандыру қажеттілігі туралы тағы да әңгіме өткен аптадан бастап мемлекеттік деңгейде айтыла бастады.

Қасым-Жомарт Тоқаев сейсенбі күні үкіметтің кеңейтілген отырысында Энергетика министрлігінің бұрынғы басшылығын қатты сынға алды. Президент электр энергетикасының дамуына нұқсан келтіретін мұнайдың күн тәртібіндегі ауытқушылықты атап өтті. Оның айтуынша, генерацияны жүйелі түрде жеткіліксіз қаржыландыру қуаттың тапшылығына және импортқа тәуелділіктің өсуіне алып келді: тек өткен жылы ғана Қазақстан 3,7 млрд кВт сағ электр энергиясын сатып алды. Жағдайды станциялар мен желілік инфрақұрылымның жоғары тозуы қосымша қиындатады.
«Энергетикалық саладағы мәселелермен барлығы да айналыса бастады, атап айтқанда, бәрін көтере алады деп санайтын өзіне сенімді дилетанттар», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Назарбаев Менің өмірім деп аталатын соңғы кітабында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болған Дінмұхамед Қонаевтың, Орталық Комитеттің өнеркәсіп хатшысы болған өзінің Теңіз бойынша кеңес-американ келіссөздерінен хабарсыз болғанын алға тартады. Ал Теңіз мұнайының барланған қоры туралы ақпарат «жеті мөрдің артына жасырылған үлкен мемлекеттік құпия» болыпты. Бұдан кейін бұрынғы президент Кеңес одағы ыдырамай тұрып-ақ, мұнай өнеркәсібін «қайта ұлттықтандыру» деп аталатын жобаның сәулетшісі болғанын айтады.
Ембідегі мұнай кеніштерін Еділ бойымен байланыстыратын құбырды салу кезінде жүздеген жұмысшы мерт болған немесе жарақат алған кезеңге тоқталудың орнына, Қазақстан халқына тиесілі мүлікті тартып алды деп Кеңес өкіметін айыптайды.
«Алайда, Қазақстан жер қойнауында осындай қымбат қазынасы бола тұра, оған иелік ете алмады. Мұнай кәсіпшіліктерінің барлығын одақтық министрліктер басқарды. КСРО-ның жоғарғы партия басшылығы біздің көмірсутегі шикізатын өз күшімізбен игеріп, өндіруімізге жол бермеді, барлық бастамамызға қызғанышпен қарады», — дейді Назарбаев.
Мұнай -газ министрлігі құрға шешім қабылдаған Назарбаев мұның себебін жаңа министрлік «ҚазМұнайГазды» мемлекеттік және коммерциялық мүдделер қақтығысын тудыратын функциялардан босатуға мүмкіндік береді» деп түсіндірген.
Қажеттілігі қайта сезіле бастаған министрлік 2014 жылы таратылып өкілеттіктері бір уақытта құрылған бірыңғай Энергетика министрлігіне берілді.
Мұнай-газ министрлігі бізге не үшін керек
Мұнай мен газ елдің экспорттық кірісінің 50-ден 70%-ға дейінін құрайды; Бірақ бұл сала Энергетика министрлігінің көптеген қызмет салаларының бірі ғана.
Министрлікті қайта құру және қайта жаңғырту үшін дәлелдер:
• Саланың маңыздылығы: Мұнай-газ секторы мамандандырылған басқаруды талап ете отырып, мемлекеттік бюджет пен экспорттың едәуір бөлігін (2024 жылы $68,5 млрд) қалыптастырады.
• Ерекше рөл: Жеке ведомство Қазақстан экономикасы үшін саланың стратегиялық маңыздылығын атап көрсетеді.
• Басқару тиімділігі: Министрліктің қайта жандануы өндіруші активтерді үйлестіруді және бақылауды жақсартуы мүмкін.
Саяси деңгейде Қазақстан шикізат экспортынан озық өңдеуге көшуге ұмтылуда. Дегенмен, іс жүзінде ірі мұнай-химия жобаларын іске асыру қалаған және мүмкін болғаннан баяу жүріп жатыр, ал жаңа қуаттарды құру туралы шешімдер көбінесе кейінге қалдырылады.
Энергетика министрлігі құрылымдық тұрғыдан бүкіл энергетикалық сектордың реттеушісі екенін сарапшылардың біразы айтады.
Экономикасы мұнайға тәуелді елердің біразында мамандандырылған агенттіктер немесе жеке мұнай министрлері бар. Сауд Арабиясы, Норвегия, Үндістан, БАӘ, Катар жатады…
Мұнай мен газ экспорттың негізін құрайтын және мемлекеттік кірістің айтарлықтай үлесін құрайтын Қазақстан үшін бұл тәсіл әсіресе өзекті.