2026 жылғы тамызда SWIFT арқылы жаһандық төлемдерде юань үлесі 3,26%-ға жетті. Бұл — соңғы жылдардағы максимумы.

Бірақ сол есепте доллар да рекорд жаңартты — 52,09%. Айырма — 16 есе. SWIFT сыртында басқа ойын жүріп жатыр. Қытай өз контурын CIPS, своп-желілер және екіжақты келісімдер арқылы кеңейтуде.
Цифрлар сөйлейді:
SWIFT: Юань — 5-орын (3,26%), 2020 жылы 1,5% болған. Өсім бар, бірақ жылына 0,1-0,2% ғана.CIPS: 124 ел, 193 тікелей қатысушы, 1573 жанама қатысушы. 10 жыл бұрын 19 және 176 ғана болған. Күндік рекорд — 1,22 трлн юань (2026 ж. сәуір). Своптар: 32 орталық банкпен келісім. 2026 ж. Q1-де сұраныс 111,6 млрд юаньға жетті, +45%.Мұнай юані: Ресей мен Иран — негізгі қолданушы. Сауд Арабиясы мен БАӘ әлі тест режимінде.
АҚШ не істеп жатыр?
Вашингтон тактиканы өзгертті. Енді «доллардан айырамын» деп қорқытпайды, тікелей баламалы инфрақұрылымның ішіндегі ойыншыларды ұрады.2026 ж. 24 тамыз — Economic Outcast операциясы (Иран табысына қарсы) Қыркүйек — ВТБ банкіне санкция, себебі риал/рубльмен балама жүйе құрған2025 ж. сәуір — иран мұнайын тасыған қытайлық кемелерге санкция Логика: Төлем қай валютада болғаны маңызды емес, АҚШ қаржы жүйесіне жанассаң – соққыға ілігесің.Қазақстан қайда? 31 шілде 2026: Ұлттық банк пен Қытай ХБ 7 млрд юаньға (525 млрд теңге / $1 млрд+) дейінгі свопты 3 жылға ұзартты.Цифрлық теңге + цифрлық юань пилотын іске қосу келісілді. Ұлттық банк CIPS басшылығымен кездесті.Жыл соңына дейін – Qazaqstan-Қытай арасында QR-төлемдер интеграциясы.KASE-де теңге/юань T+0, T+1, T+2 режимінде саудаланады.
Сонда не?
SWIFT ішінде доллар гегемониясы сақталады – 70%+ доллар+еуро. Юаньның өсімі SWIFT сыртында, долларға жолы жабық елдер мен Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» серіктестері есебінен болып жатыр. Қазақстан үшін бұл екі контурлы ойын: ресми статистикада бәрі доллармен көрінеді, ал нақты саудада юань контуры қалыптасып жатыр. Бірақ бұл контур да санкциядан қорғамайды – АҚШ енді сол контурдың ішіндегі банк пен тасымалдаушыны қудалайды.