Ұлттық банк 23 қазанда базалық мөлшерлемені 16,25%-дан 15,75%-ға түсірді. Бұл – маусымнан бері төртінші рет түсіру, 5 айда 18%-дан 15,75%-ға дейін түсті.

Бұл шешім нарық күткеннен де батыл болды. Ассоциация финансистерінің 85%-ы мөлшерлеме түседі деп күткен, бірақ көбі 0,25%-ға, 16%-ға дейін ғана түседі деп болжаған. Ұлттық банк бірден 0,50%-ға түсіріп, нарыққа сенім сигналын берді.
Неге түсірді?
Инфляция 12 ай қатарынан төмендеп жатыр – қазір 9,3%. Азық-түлік инфляциясы 8,5%, қызметтер 8,9% болды. Теңге нығайып тұр, бұл да мүмкіндік берді.
Қаржы нарығына қанша салмақ салды?
Кредит бірден арзандамайды. Банктер тәуекел жоғары деп, пайызды бірден түсірмейді.Депозит табыстылығы азаяды. Жаңа депозиттер енді 15% айналасында болады.Теңгеге қысым. Жоғары мөлшерлеме теңгені ұстап тұрған еді.
Сарапшылар қарашада доллар 456 теңге, бір жылда 502 теңге болады деп отыр.44 трлн трансферт парадоксі. Үкімет Ұлттық қордан 44 трлн теңге алып, бюджетке құйып жатыр. Ақша көп – инфляция қызады. Сондықтан Ұлттық банк керісінше мөлшерлемені жоғары ұстап, тежеп отыр. Бір қол шашып, бір қол тежеп тұр.Ұлттық банк өзі ескертті: жыл соңына дейін, 4 желтоқсанға дейін мөлшерлеме қайта түспейді.
Қорытынды – нарыққа психологиялық әсері үлкен, бірақ халықтың қалтасына әсері 2-3 айдан кейін ғана білінеді.