
Бұған дейін Қаржы министрлігінің салық төлеушілерге азаматтар мен бизнестің банктік шоттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін бұйрық қоғамдық пікірге кері әсер еткенін жазған болатынбыз. Бұл мәселе мәжіліс қабырғасына жетіп, олар да құпияны сақтауды талап еткен.
Қаржы министрлігі не дейді?
Ведомствоның айтуынша, жобаның мақсаты — салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру және көлеңкелі экономикамен күресу. Шенеуніктер есептіліктің жаңа формасының арқасында мемлекет салық салынатын табысты төмендететін немесе салық төлеуден жалтаратындарды тез анықтай алады деп есептейді.
Бұл іс жүзінде нені білдіреді?
Іс жүзінде әңгіме азаматтар мен бизнестің қаржылық операциялары салық органдарының толық бақылауында болатыны туралы болып отыр. Осы уақытқа дейін қаржы жүйесінің кепілдіктерінің бірі болып саналатын банк құпиясы формальдылыққа айналу қаупі бар.
Мұндай шара инвесторлардың алаңдаушылығын тудырып, банк жүйесіне деген сенімді төмендетуі мүмкін. Мемлекеттің жеке қаржыға қысымын күшейтетін кез келген қадам ауыр қабылданады. Көптеген кәсіпкерлер үшін бұл фискалдық бақылаудың өсуі мен қосымша жүктеме қаупі туралы белгі.
Ұлттық банк не дейді
Бұл ретте Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов банк құпиясына қатысты жағдайды түсіндірді. Ол бұл құпияға күмән келтірілмеуі тиіс екенін еске салды. Бұл ретте белгілі бір шаралар қабылданады.
Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс органдарына азаматтар мен бизнестің банктік шоттары, ондағы қаражаттың қозғалысы мен қалдықтары туралы ақпаратқа толық және тұрақты қол жеткізуге мүмкіндік беретін бастаманы қолдайтынын ашып айтып жатыр.
Премьер-министр Олжас Бектенов банк құпиясын ашу тәртібіндегі ұсынылған өзгерістерді негізді деп есептейді және оларды енгізу елдегі салық мәдениетін арттыруға ықпал етеді деп үміттенеді.
Осыған дейін
Қазан айының басында депутаттар банктік құпияны сақтауды талап етті. Премьер-министрдің атына тиісті сауалды мәжілістегі «Ақ жол» фракциясы жариялады. Мемлекеттік кіріс органдарына азаматтар мен бизнестің банктік шоттары, ондағы қаражаттың қозғалысы мен қалдықтары туралы ақпаратқа толық және тұрақты қол жеткізуге мүмкіндік беретін жоба алаңдаушылық тудырды.
Осыған премьер-министр Олжас Бектенов ұсынылып отырған өзгерістердің қажеттігін түсіндірді.
Атап айтқанда, Қаржы министрлігі әзірлеген бұйрық жобасына сәйкес, фискалдық органдардың сұрауы бойынша банктер шоттардың бар-жоғы, олардың нөмірлері, қаражаттың қалдықтары мен қозғалысы туралы, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысушыларға берілген физ және юр кредиттері туралы хабарлауы тиіс. Бұл талаптар жаңа Салық кодексінде және «Банктер және банк қызметі туралы» Заңда белгіленген.
Бұрын «Ашық НҚА» порталында жарияланған бұйрық жобасы мүдделі мемлекеттік органдарда келісілуде. О.Бектеновтың мәліметінше, құжат бекітілгеннен кейін ол бұрынғы бұйрықтарды ауыстырып, нормативтік реттеуді жаңа Салық кодексі мен Банктер туралы заңның редакциясына сәйкес келтіреді.