
ЕДБ алдындағы қарызымыз 25 трлн теңгеге жетті. Ұлттық банк кейінгі жылдары базалық мөлшерлемені көтерсе де, азаматтар банктерден жоғары пайызбен кредит алуын тоқтатар емес. 2022 жылы Қазақстанда жеке тұлғалардың жалпы несиесінің сомасы 19 трлн теңге болса, 2025 жылы бұл қарыз 25 трлн теңгеге жетіптті. Көріп отырғандай, соңғы үш жылда жеке тұлғаларға берілетін несие 6 трлн теңгеге өскен.
Бұл жағдайға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, агенттік банктерге сапалы несие беру керек деп талап қояды.
«Базалық ставканы көтерудегі мақсат – халыққа несиені бермеу емес. Ол шешімді Ұлттық банк қабылдайды. Инфляцияны қарайды, болжамға талдау жасайды. Инфляция өсіп жатса қарайды. Жалпы инфляцияның өсуі кері ықпал етеді, халықтың қаржылық мүмкіндігін төмендетеді. Сол үшін Ұлттық банк сондай шешім қабылдайды. Тұтынушылық несиенің өсуінің өзі жаман емес. Біздегі мақсат – несие өсімі сапалы болуы керек. Тұтынушылық кредиттер тек қаржылық жағдайы бар адамдарға ғана берілуі керек. Қайтаруға мүмкіндігі болуы тиіс. Тұтынушылық несиелердің тәуекел-қадағалау коэфиценттерін екі есе көтердік. Бұл – банктерге сигнал. Олар қаржылық жағдайы бар адамдарға ғана несие беруі тиіс», – дейді ол журналистермен кездескен кезде.
Экономиканы қаржыландыруға қанша тенге жұмсалды
Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2025 жылғы тамызда 2,4%-ға 38,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды
- 2025 жылдың басынан 12,7%-ға өсу). Бұл ретте, ұлттық валютада берілген кредиттер 2,6%-ға 34,8 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 1,1%-ға 3,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
- Нәтижесінде теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 91,6%-ды құрады (01.01.2025 ж. – 91,2%).
- Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер 2025 жылғы тамызда негізінен инвестицияларға және бағалы қағаздар сатып алуға берілген қарыздардың 1,5%-ға 3,7 трлн теңгеге өсуі есебінен 14,3 трлн теңгеге дейін 1,4%-ға ұлғайды
- (2025 жылдың басынан 9,4%-ға өсу). Оның ішінде, мерзімінен бұрын өтеулер нәтижесінде ірі бизнеске берілген қарыздар 1,6%-ға 5,1 трлн теңгеге дейін төмендеді,
- ШОБ субъектілеріне қарыздар — 2,0%-ға 6,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
- Жеке кәсіпкерлерге берілген кредиттер бір айда 5,6%-ға 2,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 26,3%-ға өсу).
Сарапшылардың айтуынша, ЕДБ-тің халыққа берген қарызының қайтарылмай қалған қаупі әлі сейілген жоқ.
Кредит портфелінің сапасы мынадай:
- 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банк секторы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (NPL90+) деңгейі өткен ай деңгейінде сақталды.
- несие портфелінің 3,5%-ын немесе 1,4 трлн теңгені құрады.
Демек, ҚНДРА Олжас Қизаттов арқылы ЕДБ-ке сигнал берді