Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2024 жылы Ұлттық банк топ-менеджерлері 1,7 млрд теңге көлемінде не себепті «сыйақы» бергенін түсіндірді.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде Тимур Сүлейменов бастаған топ-менеджерлер мен директорлар кеңесі 2024 жылы өздеріне 1,7 млрд теңге сомасында сыйақы есептегені туралы ақпарат тарады. Бас банктің 2024 жылды банк 355 млрд теңге көлемінде шығынмен аяқтағаны неге деген сұрақтың салмағын қоюлатып жіберді.
Өзіне қарата айтылған сын садағына төтеп бере алмаған Сүлейменов ақырында ақтала жауап берді
2024 жылы Тимур Сүлейменов басқаратын Ұлттық банктің топ-менеджменті мен директорлар кеңесі шамамен 1,7 млрд теңге көлемінде сыйақы алған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 22,8% көп. Сыйақылардың өсуі Ұлттық банк қатарынан оныншы жыл шығынға ұшырап отырғанына қарамастан өскен. Журналист неге шығынға қарамастан олардың сыйақылары өсіп жатыр деп сұрады.
«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. 1,7 млрд теңге сыйақы емес. Оның ішіне жалақы, емделу, демалыс ақысы, оқу және басқа да төлемдер кіреді. 2023 жылы Ұлттық банк ескі жалақымен өмір сүрді. Бұл жылы мен мұнда жұмыс істемедім. 2024 жылы ғана жалақы көтерілді. Сондықтан бұл ақпарат дұрыс емес», – деді Сүлейменов Астанада өткен брифингте.
Түйін
Тимур Сүлейменов кезекті рет «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгіге сүйеніп, өз табысын ашудан бас тартты
Кірістер туралы сұрақ реттеуші басшысына қарапайым қазақстандықтармен салыстыру тұрғысынан — Ұлттық банк басшысы қанша сомаға «тіршілік етеді» деген сұрақ қойылды. Жалақы — мен ойлап тапқан жоқпын. Ол «қызмет бабында пайдалану үшін» ҚБП мәртебесіне ие және бұл белгі бұрыннан белгіленген. Мен оны шеше алмаймын. Заң шығарушы немесе ондай белгілерді анықтаушы оны алып тастасын — менде бөлісуге ешқандай проблема жоқ. Бірақ әзірге ол бар, мен заңды бұза алмаймын, — деп мәлімдеді Сүлейменов.
Бұдан басқа, Ұлттық банк 10 жыл қатарынан 5,2 трлн теңгеге жуық «минус» жинақтап, шығынға батып жұмыс істеуде. Сондай-ақ, осы фонда реттеуші 12 қабатты жаңа кеңсенің құрылысын аяқтайды, Тимур Сүлейменов «қызметтік құпияға» сүйене отырып, өз жалақысы сияқты оның құнын ашудан бас тартты.
Халықаралық тәжірибеде квазисектордағы компаниялардың топ -менеджердерінің сыйақысы оның табысының мөлшеріне қарап анықталады. Жылды 355 млрд теңге шығынмен жапқан банктің сыйақыны өткен жылмен салыстырғанда 22.8 пайызға көтеріп жіберген сол шешімге қол қойған басшылардың қандай аргументтерді қаперге алғанын біздің санамыз қабылдай алмайды.