Байлық кімнің қолында болса, биліктің тізгіні сонда болатыны белгілі. Мемлекет ұзақ жылдар бойы ерекше иммунитетпен өмір сүріп келген банктерді тәубесіне келтіріп, Құдайының кім екенін еске салуға шешім қабылдап отыр.

Өткен аптада банктер туралы заң мәжілістің сүзгісінен өтіп, Сенатқа кетті
Бұл сала жоғары дәрежеде «олигополияланған» күйде қалғанын қалғанын бұл жолы ҚНДРА мен Ұлттық жасырып қалуға жол таппай қалды. Енді қаржы құрылымдары алдағы уақытта бәрі бұрынгыдай болмайтынын ашып айтып отыр. Себебі банктердің қалтасы мемлекеттің бюджетінен қалың екенін осы жолы көрдік
- 2025 жылғы 1 қазанда банк секторының активтері 67 триллион теңгеден асып жығылды. 2025 жылдың алғашқы жеті айында банктер 1,64 трлн теңге таза пайда тапты. 2025 жылдың басынан 8,9% ұлғайған.
- Мемлекеттік бюджеті бұдан екі еседей аз, бар болғаны 27 трлн теңге.
- өзге салалардағы бизнес рентабельділік бойынша орта есеппен 4-10 пайыз.
- биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, банктер капиталының рентабельділігі (ROE) – 29,9% болды.
- Осы жылғы 1 қыркүйекте тіпті 30,8%-ға жеткен еді.
Бұл ретте Қазақстанда банктерге салық салудың жаңа ережелері бекітілді. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бұл нормалар жаңа Салық кодексімен бірге 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
- ЕДБ-нің қателігі үшін мемлекет жауап бермейді «Самұрық-Қазына» қоры мен Ұлттық қордан ақша бөлінуіне жол берілмейді,. ақшасын шашуға жол берілмейді.
- Қарыз төтенше жағдайда, берілуі мүмкін, бірақ бұл жолы көмек бәрі біреуі үшін, біреу бәрі үшін деген ұстаныммен беріледі.
- Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың банктерді құтқару үшін арнайы қор құрылмайтынын ашып айтты.
- «Қаптаған ұсақ банктің қорға құйғаны алпауыт біреуінің жұмырына жұқ болмасы анық» деген пікірді бұл жолы ҚНДРА қаперге алып отыр.
ҚНДРА мен Ұлттық банк өткеннің қателігінен сабақ алып отыр.
«Банктердің проблемалы активтерін мемлекет үлкен жеңілдік-дисконтпен емес, атаулы құнымен сатып алған, жеңілдікті мөлшерлемелер бойынша субординациялық облигациялар ұсынылған. Мұның бәрі жойылады, енді болмайды. Біз одан бас тарттық. Мұның сыртында банктің акционерлері, бір жағынан, мемлекеттен қаржылай қолдау алып, оны қайтармай қоятын, екінші жағынан, олар банкке ары қарай да иелік етуін жалғастыра беретін. Бұл тетіктен де құтылдық. Жаңа тетік бойынша Ұлттық банк тек қана өтімділікті қолдау шараларын ұсына алады, бұл мемлекеттік қолдауды бюджетке қайтару міндетті болады», – деді агенттік төрағасы.
М. Әбілқасымованың айтуынша, банк қарызын қайтаруға құлық танытпаса жаңа инвесторға мәжбүрлеп сатылады немесе мүлкі аукционға шығарылады. Егер банкрот болған банкті жаңа инвестор сатып алса, алайда сатудан түскен қаражат мемлекеттік қолдауды өтеуге жетпесе, екі ортадағы айырманы банк секторы өтеуге тиіс. Осы мақсатта нарықта қалған әрбір банктен тиісті жарна жинау тетігі іске қосылады.
«Банк секторындағы әрбір банктен жиналатын жарна сомасы банктің көлеміне байланысты болады. Ұсақ банктерден – аз, орташадан – орташа, ірілерінен ірі сома талап етіледі. Қаражат жинау үшін арнайы қор құрудың қажеті болмайды. Біздің ұсынуымызша, бұл Қаржы министрлігінің қазынашылық шоты арқылы жүзеге асырылады. Егер күйреген банкті жаңа инвесторға өткізу нәтижесінде мемлекет оған салған ақшасын қайтара алмаса, қалған сома банктер арасында бөліске салынады, олар өзіне бекітілген соманы белгілі бір уақыт үдерінде Қазынашылықтағы шотқа жарна ретінде енгізуге міндеттеледі. Бұл тетікті біз «постфактум-алым» (сбор постфактум) деп атадық», – деді Қаржы нарығын реттеу агенттігінің төрағасы.
Нақ осы ұсынысқа өзге банктердің де қарсы шыққанын білеміз.
Олардың кім екені ашық ақпарат көздерінде жазылған. Бірақ банктердің қарсылығы комфортты аймақтан шыққысы келмейтіндердің соңңы әрекеті ретінде бағаланып жатыр.
Осы күнге дейін банктерді кенже ұлындай өбектеп келген үкімет бұл жолы қатты кетіп отыр
Мемлекеттің банкке қатысуы уақытша, өтеулі және көлемі бойынша шектеулі болады. Банк акционерлері мен басшылығын ауыстыру, оларға дивидендтер мен бонустар төлеуге тыйым салу, тәуекелді операцияларды шектеу және қаржылық қалпына келтіру жоспарын іске асыру сияқты шаралар қабылдануға тиіс. Қаржылық орнықтылығы қалпына келгеннен кейін банк жаңа инвесторға сатылады, ал салынған мемлекеттік қаражат бюджетке қайтарылады. Жаңа реформа мен тың тетіктер қаржы секторын сауықтыруға бастай ма, жоқ па, оны уақыт пен келесі дағдарыс көрсетпек.
Шетелдік сарапшылардың пікірі
Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия мен Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Озханның пікірінше, реформа ашықтық, орнықтылық және үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес келу қағидаттарын ұстанатындығын көрсетеді.
«Біз Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің банк қоғамдастығымен сындарлы өзара іс-қимылын және оның неғұрлым ашық және реттелген банк жүйесін құруға нақты бейімділігін жоғары бағалаймыз. Бұл реформалар банк секторына деген сенімді нығайтып қана қоймай, Қазақстанға жаңа инвестициялар тартуға көмектеседі, жаһандық инвесторлардың қазақстандық нарыққа неғұрлым белсенді қатысуына ықпал етеді», — деп атап өтті Хусейн Озхан.
Ол сондай-ақ төлем қабілеті жоқ немесе әлеуетті төлем қабілеті жоқ банктерді реттеудің заманауи жүйесін енгізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл Қазақстанды банк заңнамасының халықаралық стандарттарына және Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес (Financial Stability Board) белгілеген төлем қабілеті жоқ банктерді реттеудің негізгі сипаттамаларына жақындатады.
«Біз сондай-ақ банктің шығындары бірінші кезекте осындай банктің акционерлері мен кредиторлары есебінен барынша сіңірілген (жабылған) жағдайда жүйелік маңызды банкті реттеуді қаржыландыруға банк секторының қатысуының маңыздылығын атап өтеміз. Әрбiр жеке банктiң сенiмдiлiгi бүкiл сектордың тұрақтылығына ықпал етедi, сондықтан реттеудi қаржыландыруға қатысу барлық банктердiң мүдделерiне жауап бередi. Заң жобасында ұсынылған банк реттелгеннен кейін банк секторынан жиналатын ақша жарналарының тетігі прагматикалық ымыраға келуді білдіреді. Ол Қазақстанның банк секторын халықаралық тәжірибеге толық сәйкестендіруге дайындайды», — дейді Хусейн Озхан
Dentons халықаралық заң фирмасының «Банктер және қаржы» тәжірибесінің серіктесі және жетекшісі Василий Зенов банктер туралы жаңа заңды қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыруға, бәсекелестікті дамытуға және реттеудің озық халықаралық стандарттарын енгізуге бағытталған банктік реттеудің ауқымды және кешенді реформасы деп атады.
Ол құжатта көзделген банк секторын жаңғыртудың негізгі бағыттарын белгіледі. Олардың ішінде:
* лицензиялау жүйесін реформалау (базалық және әмбебап банктік лицензияны енгізу);
* пропорционалды реттеу қағидатына көшу;
* жосықсыз практикаларды болдырмауға және қаржы ұйымдарының клиенттер алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған мінез-құлықты қадағалаудың толыққанды жүйесін енгізу;
* корпоративтік басқаруды жетілдіру;
* цифрландыру және банк саласына финтех-шешімдерді енгізу;
* исламдық қаржыландыруды дамыту (дәстүрлі банктерге ислам терезелерін ашуға мүмкіндік беру, бұл халық пен бизнестің шариғат қағидаттарына сәйкес келетін өнімдерге қолжетімділігін кеңейтеді).
«Реформаның негізгі қағидаты банктің акционерлері мен қамтамасыз етілмеген кредиторларының басым жауапкершілігі болып табылады, олар банктің төлем қабілетсіздігі немесе әлеуетті төлем қабілетсіздігі жағдайында бірінші болып қаржылық шығынға ұшырауы тиіс. Заң сондай-ақ банктердің проблемаларын шешуге мемлекеттің барынша аз қатысуы қағидатын енгізеді. Мемлекеттік қолдауға тек жүйелік маңызы бар банктерге қатысты және бүкіл қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде ғана жол беріледі. Бұл ретте банкті реттеу процесінде келтірілген мемлекеттік шығындар бүкіл банк секторының кейінгі жарналары есебінен өтелуге тиіс. Мұндай тәсіл Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңестің (FSB) ұсынымдарын қоса алғанда, үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді», — деп атап өтті Василий Зенов.