
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновке азаматтардың мүддесі үшін үкімет әзірлеген экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыруды ретке келтіру жөніндегі нақты шаралар жоспарын ұсынғанына 1.5 айдан асып барады.
Бірақ үкіметтің жауабы бағаны біраз уақытқа дейін «үй қамаққа» қамап қоюдан аса алмады.
Үкімет:
- тұрғын үйге қолжетімділікті кеңейту және нарықтағы жағдайды тұрақтандыру үшін халық үшін жеңілдікті ипотекалық несиелендіру көлемі екі есеге артады.
- Шараны іске асыру «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламалары арқылы қарастырылған — олар бойынша несиелендірудің жалпы көлемі 500 млрд теңгеге дейін өседі, деп үміттенеді.
- Үкіметке Президентке жауап беруге небәрі 2 күн ғана уақыт бөлді.
- БАҚ содан бері Мемлекет басшысы талап еткен реформаның салмағына емес, үй қамақтағы бағағы назар аударып жатыр.
- 2026 жылдың сәуірінен кейінгі жағдай әзірге жұмбақ.
Кейіннен Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова президенттің ырықтандыру және жеке секторды қолдау туралы тапсырмасына қарамастан, экономикадағы мемлекеттің үлесі мәселесі де маңызды болып қалатынын атап өтті.
Freedom Holding Corp. Тимур Турлов ипотека бойынша мемлекеттік бағдарламалармен қызықты жағдай қалыптасуда деген пікір білдірді.
«Ұлттық банк мөлшерлемені бір мақсатпен көтереді — несие беру көлемін қысқарту. Егер сіз осымен қатар жеңілдікті ипотека бере бастасаңыз, онда мөлшерлемені неге көтергеніңіз түсініксіз. Бірақ, егер біз несиелендіру көлемін қысқартпасақ, жалпы сұранысты қысқартпасақ, біз оны неге жасаймыз? Яғни, бір мезгілде тежегішке және газға басуға болмайды», — деп атап өтті ол.
Қазақстанда өндіріс ашқаннан гөрі шетелден тауар әкеп сатқан әлдеқайда тиімді екенін сарапшылар да, кәсіпкерлер де жиі айтады. Сарапшылар нарықтағы жеңілдікті бағдарламалар арқылы экономиканы импорттың құшағында тұншықтырып жатырмыз дегенді көбірек айтып жүр.
- 2024 жылдың қорытындысы бойынша отандық құрылыс материалдарының үлесі 67% -ды құрады. Қазіргі уақытта, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ішкі нарық отандық өніммен 70% -ға қамтамасыз етілген. Аталған кезеңде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 713,1 млрд теңгенің отандық өнімі өндірілді.
- Қазақстанда шығарылған автокөліктегі жергілікті локация 10 пайыздан сәл көп.
- бізде өнеркәсіп орнының цехы, өндіріс орындарын ашу үшін көптеген бюрократиялық кедергілер бар.
- кішкене цех ашу үшін алдымен жер сатып алуың керек. Қаладан жер сатып алу үшін көптеген қаражат керек.
- Ол цехты тұрғызу үшін де 30–40 мың доллар тағы шығындаласың. Технология – импорт
Сарапшылардың сөзінше, біздің кемістігіміз екі проблемаға тәуелді.
- Арзан импорт
- Субсидия.
Қаржыгер экономист Б. Зиябековтың айтуынша. үкімет бұл жолы да ипотекалық бағдарлама арқылы тығырықтан шыққысы келетінін айтып, баяғы сүрлеуге қайта түсті. Бұл экономикадағы мемлекеттің үлесін көбейтіп, ШОБтың бәсекесін шектеп тастады. Сарапшының айтуынша, біздің елдегі импорттың мүддесі отандық -ұлттық экономика мүддесінен жоғары тұр. Импорт -арзан, отандық тауарлар қымбат. Мұндай жағдайда тұтынушының кімге басымдық беретінін түсіндірудің қажеті жоқ.
- Жалақыны көбейту арқылы жағдайды түзетуге тырысамыз.
- Мұндай жағдайда тар шеңберді айналып жүре беретінімізді байқамаймыз.
«Құрылыс тауарларындағы отандық тауарлар үлесі 15 пайыздан аспайды. Біз субсидияны тағы да импортқа бағыттап отырмыз» , дейді сарапшы.
Оның айтуынша, кез келген жеңілдікті нұсқа — нарықтық бағадан төмен сатуға басымдық береді. Бірде-бір қалыпты коммерциялық бизнес нарықтық бағадан төмен сата алмайды. Мұндай жаағдайда мемлекет сыртқы қаржы көздерден қарыз алады да оны ішкі нарыққа сатады. Арадағы айырмашылық салық есебінен өтеледі деген үмітке басымдық береді. Бұл тетік тағы да коммерциялық банктердің ШОБ-ты қаржыландыру жоспарын белгісіз мерзімге шегеріп тастайды.
Ұлттық банк инфляцияны төмендету үшін мөлшерлемені көтерсе., үкімет жеңілдікті несиелер арқылы нарықтағы балансты бұзып жатыр.
үкіметке ақшаны экономикаға құйып алуға тыйым салатын кез жетті.
«ҮКІМЕТТІң экономика алдындағы үстемдігі тауардың нарықтық құнын тануга кедергі келтіріп жатыр» дейді сарапшы.