
Өткен аптада Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев Бектеновке жолдаған сауалында Қазақстанда жыл сайын 650-700 мың тонна авиаотын өндірілетінін, ал тұтыну шамамен 1 млн тоннаны құрайтынын, 350 мың тоннаға жуық немесе жалпы тұтынудың 30-35% -ы Ресейден импортталатынын айтқан болатын.
Маңғыстау облысында халықаралық авиахабаны ұйымдастыру жоспарланып отырғандықтан, өңірде авиаотынды тұтыну жылына 35 мың тоннадан 120-130 мың тоннаға дейін өсуі мүмкін. Бұдан өзге, депутат бензин мен дизель отынын тұтыну артатынын артатанын да қаперге салып өтті. Бұл ретте, оның ойынша, Шымкент МӨЗ қуатын жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін екі еселеу осындай моторлы отын өндірісін арттырады, бірақ көлік шығындарын ескергенде ол Маңғыстау облысына дейін қымбаттайды.
Бұдан басқа, ол жергілікті шикізатты пайдалану дұрыс деп есептейді — өңірде жылына 18 млн тоннаға жуық мұнай өндіріледі, алайда ол облыстан тысқары жерлерге шығарылады және одан кейін бензин, дизель отыны және авиаотын түрінде әлдеқайда жоғары бағамен қайта әкелінеді. Осыған байланысты ол үкіметтен Маңғыстау облысында қуаттылығы 5 млн тонна болатын МӨЗ салу нұсқасын қарастыруды сұрады.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов KAZENERGY қауымдастығы кеңесінің 44-ші отырысы барысында қуаттылығы жылына 10 млн тонна мұнай өндіретін жаңа мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) құрылысына халықаралық инвесторларды тартуды ұсынды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі дайындаған деректерде айтылған.
«Министр өз сөзінде 2025-2040 жылдарға арналған мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруға тоқталды. Құжатта қуаттылықты жаңғырту және мұнай өңдеу тереңдігі жылына 10 млн тоннаға дейінгі жаңа МӨЗ салу көзделген. Аталған жобаны іске асыру мақсатында Ерлан Ақкенженов қауымдастыққа әлеуетті инвесторларды, оның ішінде ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы — Курсив) елдерін тарту үшін мақсатты Road-show ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды «, — делінген хабарламада.
Оның алдында Премьер Бектенов 10 млн тонна мұнай өндіретін төртінші ірі мұнай өңдеу зауыты Маңғыстау облысында орналасуы мүмкін екенін айтқан.
- Төртінші МӨЗ орналастыру үшін кемінде төрт әлеуетті орынды қарау тапсырылды.
- Жоба ТС-1, Jet A-1 авиаотынын шығаруды қамтамасыз ететін мұнайды терең өңдеу бойынша жаңа өндірістік қуаттарды құруды көздейді.
Сонымен қатар, премьер нақтылағандай, Маңғыстау облысында жылына 5 млн тонна мұнай шығаратын МӨЗ орналасқан жағдайда авиаотын шығарудың өзіндік құны жоғары болады, бұл салынған инвестициялардың өтелуін қиындатады.