
Орталық Азия аймағы сан ғасырдан бері біртұтас геосаяси және рухани кеңістік ретінде белгілі. Бұл – табиғи ресурсы мен адам капиталы мол, мәдени-тарихи мұрасы бай өңір Еуразиялық даму банкінің мәліметінше демографиялық үрдістер өңір мемлекеттерінің экономикалық өсуіне ықпал етуде. Сарапшылар болашақта еңбек ресурстарының көлемі артады деп үміттеніп отыр.
Үш ірі экономика – Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан – Орталық Азияның жиынтық ЖІӨ-сінің 95%-ын қалыптастырып, көмірсутектердің таза экспорттаушылары саналады.
Қырғызстан мен Тәжікстанның экспорты негізінен металдар мен металл кендеріне сүйенеді.
Өңірдегі барлық ел ашық экономикаға ие, ал Қырғыз Республикасы сыртқы саудамен интеграциялану деңгейі бойынша көш бастап тұр.
ХВҚ болжамынша, 2026 жылдың қорытындысы бойынша Орталық Азияның ЖІӨ-сі 600 млрд долларға жетеді деп күтілуде. Соның ішінде Қазақстан 325,5 млрд, Өзбекстан 141,2 млрд, Түркіменстан 99,3 млрд, Қырғызстан 18,5 млрд және Тәжікстан 15,5 млрд долларға дейін жетуі мүмкін деп болжауда.
. Желтоқсан айында бірқатар ел өз бюджетін бекітті. Бұл Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің даму жолын, әр елдің басымдықтарын және болашақ стратегиясын жаңаша бағалауға мүмкіндік береді,
Сарапшы Расул Рысмамбетовтың айтуынша, Орталық Азия – төрт бюджет, төрт болашақ моделі болғанмен, бір-біріне дем бере отырып, дамитыны байқалды. Түрікменстанға қатысты деректер жаңартылған жоқ. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан бюджеттік саясатта әртүрлі модельдер мен басымдықтарды көрсетіп отыр.
- Қазақстан 2026 жылы теңгерімді және жетілген фискалдық басқару моделін ұсынады. Елдің бюджеті 27,3 трлн теңгені құрайды.
- Бұл ЖІӨ-нің 14,8%-ы, оның 39%-ы әлеуметтік мақсаттарға бағытталған. Әлеуметтік қолдауға бюджеттің 25%-ы, денсаулық сақтауға 10%-ы, ал білім беру мен мәдениетке 15%-ы жұмсалады.
- Ол тұрақты экономикалық өсімнің негізін қалыптастырады. Бұл бюджеттік модель адам капиталын басқарудағы жүйелілікті көрсетеді.
Расул Рысмамбетов атап өткендей, бұл өмір сүру және ұзақ мерзімді автономия курсын көрсетеді. Мұнда энергетика экономиканың негізгі тірегі болып саналады.
– Жалпы, Қазақстан мен Орталық Азия елдері ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік бағыттағы экономикаға бет бұруда. Қазақстанда — жүйелілік пен ашықтық, Өзбекстанда реформалылық, Қырғызстанда динамика, Тәжікстанда ресурстық концентрация, – дейді сарапшы.
Әр елдің бюджеттік саясаты олардың даму стратегиясы мен болашаққа қойған басымдықтарын айқын көрсетеді.
2025 жылғы I жартыжылдықтың соңындағы жағдай бойынша, Еуразия аймағындағы өзара жинақталған тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) көлемі 48,4 млрд долларға жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 6,4% (+2,9 млрд доллар) көп.
Ресей — 38 млрд доллар,
Қазақстан мен Әзербайжан — 3,2 млрд доллардан,
Армения — 1,4 млрд доллар және Беларусь — 1,0 млрд доллар.
Ресей — 78,6% үлесімен Еуразиядағы ең ірі инвестор болып келген. Бірақ 2020 жылдан бері алғаш рет оның үлесі 80%-дан төмен түсті. Соңғы жарты жылда Ресейдің сыртқа бағытталған ТШИ өсімі 2,2% болса, аймақтағы орташа көрсеткіш 6,2% болды. Демек дамудың бағыты Орталық Азия елдеріне ат басын бұрды.