
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда алғашқы ресми сапармен жүр. Қазақстан Президенті император Нарухитомен, премьер-министр Санаэ Такаичимен, өткізді. Император Қазақстан президентінің құрметіне ресми қабылдау жасады.
Қазақстан президенті мен Жапония премьер-министрінің келіссөздерінің алдында ресми кездесу рәсімі өтті. Құрметті қарауыл сапқа тұрғызылып, екі елдің мемлекеттік әнұраны орындалды. Құрметті қарауыл бастығы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Санаэ Такаичи бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары жан-жақты талқыланды.
Екі елдің ресми делегацияларының мүшелері үкіметаралық және ведомствоаралық 14 құжатқа қол қойды.
Тоқаев кездесуде не деді
«… Біз Жапония — біздің алыс көршіміз, бірақ жақын әрі сенімді досымыз деп жиі айтамыз. Біздің байланыстарымыздың терең тарихи тамыры бар. Осы сапарға дейін сіздердің елдеріңізге бірнеше рет келіп кеттім. Сондықтан сіздер бұл менің Қазақстан президенті мәртебесіндегі алғашқы сапарым деп өте дұрыс айтасыз. Бізде тамаша институционалдық база бар, себебі сіз айтып өткендей, 2004 жылы сол кезде Жапонияның сыртқы істер министрі болған Кавагучи ханыммен бірге біз «Орталық Азия плюс Жапония» форматына бастамашы болдық. Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі алғашқы кездесу Астанада өтті. Бүгінде мұндай кездесулер соншалықты танымал болғандықтан, ірі елдердің қатысуымен көптеген «Орталық Азия плюс» форматтары бар, бірақ Жапония оның бірінші бастамашысы және жасаушысы болып есептеледі», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
жапон премьер-министрі не деді
«Сіздерді шын жүректен қарсы алғаныма қуаныштымын. Қасым-Жомарт Тоқаев мырза төрағалық еткен «Орталық Азия + Жапония» форматындағы сыртқы істер министрлерінің бірінші кеңесі өткеніне 21 жыл болды. Бүгін сіз мемлекет басшыларының «Орталық Азия + Жапония» форматындағы бірінші кеңесіне президент ретінде қатысудасыз. Біз Қазақстанды құқық үстемдігіне негізделген еркін және ашық халықаралық тәртіпті қолдау және нығайту ісінде стратегиялық әріптес ретінде қарастырамыз. Біз өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында президент мырзамен алдағы уақытта да тығыз ынтымақтасуға ниеттіміз», — деп атап өтті Санаэ Такаичи.
Тағы кімдермен кездесті
Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Жапонияда түрлі салаларда оқып жүрген немесе жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті. Отандастармен әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Жапония сияқты дамыған елдердің тәжірибесін зерделеудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Ақорданың хабарлауынша, президенттің Қазақстанмен достық жөніндегі Жапония парламенттік лигасының мүшелерімен кездесуі өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Токиодағы ең ірі синтоистік храм Мэйджи Джингу храмында болды. Қазақстан президентінің Жапонияға сапары барысында 3,7 млрд доллардан астам сомаға келісімдерге қол қойылады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.