Қаржы министрі Такиев бүгін журналистермен кездескен кезде азық-түлік үшін дүкендер мен базарларға баратынын, қымбатшылықты кұн сайын сезінетінін айтты.

Оның айтуынша, Twix шокалады бағасының қымбаттағанын балаларына дейін біліп қойыпты.
Ол сондай-ақ қаржы министрі ретінде мемлекеттік қызметкерлердің ғана емес, жеке сектордың да жалақысын көтеру туралы бастама көтере ме деген мәселеге түсініктеме берді.
«Бұл азаматтық-құқықтық қатынастар — біз бизнес қызметіне араласа алмаймыз. Бірақ, менің білуімше. Барлық ірі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бар және олар 13-ші және 14-ші жалақыларын төлейді, бұл жерде осындай теңгерімді тәсіл бар», — дейді Қаржы министрлігінің басшысы.