Үкімет отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстанда 2026 жылы әлеуметтік сала, сақтандыру жүйесі және бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты жаңа заң жобалары әзірленетінін айтты.

«Жалпы Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасын, екінші жартыжылдықта 7 заң жобасын енгізу жоспарлануда», — деді министр.
Министрдің айтуынша, келесі жылға 12 заң жобасы жоспарланып отыр. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – тұрғын үйлерді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру мәселесін реттейтін заң жобасы.
«Парламентке бірінші жартыжылдықта 5, екінші жартыжылдықта 7 заң жобасы ұсынылады. Әсіресе Президент тапсырмаларын сапалы орындауға басымдық беріледі. Әлеуметтік қорғау мен цифрлық даму мәселелері – басты назарда», – деді Ерлан Сәрсембаев.
Сонымен қатар, министр мемлекеттік мүлікке қатысты заңдарға, онлайн-платформалар мен
Бүгінде тұрғын үйді зілзаладан сақтандыру мүлікті ерікті сақтандыру шеңберінде жүзеге асырылады.
- Осы қызмет түрi бойынша 25 сақтандыру ұйымының 15 лицензиясы бар.
- Бұл ретте тұрғын үйді табиғи апаттардан сақтандырумен қамту елімізде небәрі 3,2%-ды құрайды.
- Жер сілкінісі мен су тасқыны қаупі жоғары Алматы қаласында бұл көрсеткіш 7,7%-ға жетеді.
- Жыл басында сақтандыру шарттарының саны 310,6 мыңнан асты, оның 70,6%-ы – жеке тұлғаларға, 29,4%-ы заңды тұлғаларға тиесілі.
Құжатқа сәйкес ерікті мүліктік сақтандыру полистері құны қымбат, сондықтан көпшілік оны жеткілікті деңгейде рәсімдей алмай отыр.
Бірінші кезеңде апаттардан зардап шеккен азаматтардың шығыстарын төленген сақтандыру сыйлықақысынан 500 есе мөлшерде ғана жабуға болады.
- Яғни 1 мың теңге төлегенде төлем 500 мың теңге болады. Қаражаттың жинақталуына қарай жөндеуге немесе жаңа тұрғын үй сатып алуға арналған шығыстар да өтеледі.
- Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, сақтандырудың мөлшері жиілікке және белгілі бір өңірдің тәуекелге ұшырауына байланысты.
«Сомалар жылжымайтын мүлік салығына мөлшерлес болуға тиіс – жылына 1 мыңнан 10 мың теңгеге дейін. Бұл ретте тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру жүйесі тұрғын үйді қалпына келтіруге, барлық салдарды жоюға, сондай-ақ апаттан зардап шеккен азаматтардың барлық шығынын толтыруға арналған шығындарды толық жабуға мүмкіндік бермейді. Алғашқы үш жылда міндетті жарналар мемлекеттік қорда жинақталады. Келешекте қайта сақтандыруға жеке сақтандыру компаниялары да қосылуы мүмкін», — дейді.
Ресми деректерге сүйенсек, ел аумағының 75%-ы жер сілкінісінен бастап су тасқыны мен орман өрттері туындауы мүмкін қауіпті аймақтар болып саналады. 2024 жылы төтенше жағдай салдарынан 460 млрд теңге шығын есептелді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,6 есе көп.