
Енді үкімет қыз алып қашу туралы элементтері бар әндерді мұқият бақылауға шешім қабылдады.
Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінде бұл заңды неке емес, қылмыс болып саналады.
Біреу алып қашуды салт-дәстүрге жатқызса, кейбіреулер жатқызбайды. Әрине, әркім өз пікірін айтуға құқылы. Бұрынғы кезден бастап ата-бабамыз ислам дінін ұстанып келді. Шариғат бойынша қыз алып қашу дұрыс емес болса, қазақ халқы бұл дәстүрді қайдан шығарған деген сұрақ тууы жөнді. Дінімізде некенің келісіммен болуы керек екендігі айтылған. Яғни, бұл қыз алып қашу екі жастың келісімімен болатындықтан дінімізге сай. Ата-бабамыз кез келген істі шариғат бойынша жасап жүрген. Кез келген қыз бала басына ақ орамал таққысы келеді, бірақ зорлық- зомбылықпен емес.
Мәдениет вице-министрі Евгений Кочетовтың айтуынша, мұндай композициялар әсіресе жекелеген өңірлерде қыздарды ұрлау оқиғаларынан кейін резонанс тудырады. Мәдениет министрлігі әртістерге осындай әндерді орындамау немесе мәтіндерді өзгерту жөнінде ұсыныстар беруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Кочетов қазақстандық орындаушылардың ел ішінде ғана емес, шет елдерде де танымал екенін, сондықтан мұндай әндердің ықпалы жаһандық болуы мүмкін екенін атап өтті.
Вице-министр сондай-ақ контентті өзгертуде адамдардың өздері маңызды рөл атқаратынын атап өтті: егер қоғам басқа туралы ән айтатын орындаушыларды қолдайтын болса, бұл музыканттарды қоғам алдында ақтап алуға себеп болады.