
Қазақта тұлпар тұлпарды дүбірінен таниды деген сөз бар. Кешелі бері халықтың Михаилға деген ықыласы арнасынан асып-төгіліп жатыр.
InDrive негізін қалаушы Арсен Томский олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне автокөлік сыйлайды. Бұл туралы кәсіпкер өзінің Instagram-дағы бетінде хабарлады.
«Өз еліңді мақтан тұту керемет және керемет! Осы мақтаныш пен қуаныш үшін Михаилға рахмет. Өте керемет, өте шабыттандыратын алтын олимпиадалық жеңіс», — деп жазды Томский.
Бизнесмен оның қимылы спортшының отбасына алғыс білдіретінін түсіндірді. «Мен осы жетістіктің бастауында тұрған адамға зор құрмет пен алғыс білдіргім келеді. Мен чемпионның әкесі Станислав Александровичке Audi Q8 сыйлаймын. Бұл менің және барлық қазақстандықтардың атынан сыйлық», — деп атап өтті ол.
InDrive негізін қалаушы мәнерлеп сырғанаушының әкесін олимпиадалық табыс тарихындағы басты адамдардың бірі деп санайтынын атап өтті. «Станислав Александрович Михаилдің бірінші жаттықтырушысы ғана емес, бір кездері өз көлігін баласының арманы үшін сатты — бүгінде бұл арман алтын болып отыр. Бұл көлік біздің ортақ алғысымыздың символы болсын. Audi сақиналары сіздің отбасыңызға осы ұлы олимпиадалық жеңісті әрдайым еске түсірсін! Михаилды құттықтаймын! Барша қазақстандықтарды құттықтаймын!», — деп жазды Томский.
InDrive негізін қалаушының сыйлығы Шайдоровтың жеңісінен кейін жеке бастамалар сериясының бірі ғана болды.
Бұған дейін әнші Димаш Құдайберген автокөлікті спортшының өзіне сыйлауға уәде берген болатын. Чемпиондық прокатты мәнерлеп сырғанаушы Confessa, the Diva Dance композициясын Құдайберген орындады
«Мишабай, бауырым! Олимпиада алтыны — баршамыз үшін үлкен қуаныш. Сен біздің халқымыздың мақтанышысың. Сен өз сөзіңмен мені қатты таң қалдырдың, қуаныштың, үлкен сыйлық жасадың. Үлкен рахмет! Осының құрметіне «Астана Моторс» -қа келіп, саған лайықты темір тұлпар таңдаймыз. Егер қаласаң, машина сені күтіп тұр», — деді Димаш Шайдоровқа.
Сондай-ақ, Астанадағы құрылысшылардың бірі чемпионға үш бөлмелі пәтер беруге ниетті екені хабарланды
Ал кеше кешкісін Алматыдағы Сочи-2014 Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып жатқаны белгілі болды.
Әлеуметтік желіде қолданушылар Денис Теннің Қазақстандағы спортқа қосқан үлесі мен қазасы туралы жазып жатыр.Ал Алматы тұрғындары Денис Теннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойған.
«Михаилдың жеңісі Денисті еске салды. Денистің ескерткіші алдында жаңа гүлдер пайда болғанын аңғардым. Өзі болмаса да, оның ізі бар екенін сезгендеймін…», – деп жазды Threads желісін қолданушыларының бірі.
Актер Абай Асылхан да Денис Теннің ескерткіші алдынан жай өткім келмегенін айтыпты. « Михаилдың жеңісі Дениске деген сағынышты еске түсірді. Жарқ етіп жұлдыздай жанған батырларымыз аман болсын!», – деп жазды актер.