Жаңа жыл қарсаңында ет бағасы тағы да сыр беріп, жауапты министрліктердің түн ұйқысын төртке бөліп жіберді.

Қыркүйек айының соңында журналистермен кездескен министр Сапаров бұдан былай ет қымбаттамайтынын, мал басы 17 пайызға көбейгенін айтқан болатын. Осыған дейін 7,9 миллион бас болса, қазір 8,7 миллионға жетті. Жоғары сұрып, орташа сұрып бар. Сондықтан баға 500 теңгеге дейін өскен болуы мүмкін. Бірақ әрі қарай өсу болмайды.
«Бүгінде фермерлер орташа баға 3200-3500 теңге аралығында деп өткізіп жатыр. Әрі қарай сатуға байланысты» дейді Сапаров.
Министр ресми дерек бойынша еттің келісі орта есеппен 3249 теңге деп тұжырымдайды.
«Ресми статистика бойынша, орташа баға бүгін таңертең 3249 теңге болды. Базар нарқы сондай. Бағалар шамамен 3500–3600 теңге аралығында, ал жоғары сапалы ет 4300–5000 теңге шамасында. Жалпы алғанда, баға тұрақты және әзірге осы деңгейде сақталады», – деді Сапаров.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баспасөз кездесуінде сиыр еті бағасының өсуіне түсінік беріп, мемлекеттің өндірісін дамытуға кемінде 200 млрд теңге бағыттау жоспары туралы айтты. Оның айтуынша, сиыр еті мен қой еті мәселесі бүгінде нарық үшін ең сезімтал мәселелердің бірі болып қалуда.
Министрдің айтуынша, сиыр етінің қымбаттауын сыртқы және ішкі факторлармен байланыстырды, оның ішінде шетелде сұраныстың жоғары болуы және ел ішінде етті сатудың күрделі тізбегі бар.
«Сыртқы нарықтардағы жоғары сұраныс етті сатудың күрделі тізбегімен бірге, өнімсіз делдалдарды қамтиды, сиыр еті бағасының өсуіне әкелді. Бұл өсімнің алдында тұрақты бағаның ұзақ кезеңі болды, сондықтан мұнда жинақтаушы әсер де бар»,деп мәлімдеді Айдарбек Сапаров.
Ол нақтылағандай, фермерлерден еттің көтерме сатып алу бағасы шынымен де өсті, алайда бұл өсім бөлшек саудаға қарағанда едәуір аз болды.
«Фермерлердің көтерме бағасы көтерілді, бірақ бөлшек баға сияқты бірден қымбаттаған жоқ. Дегенмен, белгілі бір өсім бар және ол фермерлерді өндірісті ұлғайтуға ынталандырады. Ол үшін оларға қолжетімді несие құралдары қажет», деп атап өтті министр.
Сапаровтың айтуынша, бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды.
- 2025 жылғы қыркүйекте бордақылау алаңдарына арналған айналым қаражатын кредиттеу бағдарламасы басталды,
- ал 2026 жылдан бастап қосымша жеңілдікті бағдарламаларды іске қосу жоспарланып отыр.
«Жалпы, салаға 200 млрд теңгеден кем емес қарызды бағыттау жоспарлануда. Бұл қаражат аналық мал басын импорттау үшін пайдаланылады, бұл мал санының қарқынды өсуіне негіз болады», — деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.
Ол шаралардың бағаны тұрақтандыруға ғана емес, елдегі ет өндірісінің көлемін ұзақмерзімді ұлғайтуға да бағытталғанын атап өтті.