
Тәуелсіздік тарихында алғаш рет ІЖӨ көлемі 300 миллиард доллардан асты. Бір жылда өсім — 6,5 пайыз әлемдегі ең үздік көрсеткіштердің бірі. Жан басына шаққанда шамамен 14,8 мың долларды құрады. Бірақ экономикалық өсімнің әсері халықтың қалтасына жетпей тұр.
Ұлттық экономика министрлігінің айтуынша бизнестің пайдасымен салыстырғанда жалақымыз баяу өсіп жатыр. Бұдан басқа, ҰЭМ-де атап өткендей, халықтың табысы жалақы есебінен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік трансферттер мен өзге де табыстарды ескере отырып қалыптасады, олардың динамикасы экономиканың өсу қарқынынан ерекшеленуі мүмкін.
Өткен жылы ІЖӨ 6,5% -ға жетті. Бірақ мұнымен қазақстандықтардың әл-ауқаты шамалас өсті айта алмаймыз. Дәл осы аралықта экономикалық заңдарға қайшы келетін парадокстың құлағы қылтиып тұр. Оның себебін нарық заңымен жүйелеп, тарқатып беретін кез келгенін сарапшылар жиі айтады.
Экономист-қаржыгер Ғалым Құсайыновтың айтуынша, ел экономикасы шикізат рентасы, бюджет шығыстары және инфляциялық фактор есебінен өсті. Енді өсім мен халықтың табысының арасындағы алшақтықты бір-біріне жақындатудан басталу керек. Қазіргі фискалдық және монетарлық қысым, керісінше, бұрыннан бар базамен жұмыс істейді және жаңа өсу көздерін құрмай, оның ішіндегі ауыртпалықты қайта бөледі..
Ғ. Құсайыновтың айтуынша, 2025 жылы экономиканың өсуін бірнеше негізгі сала қамтамасыз етті. Бағалар тұрақталғаннан кейін ғана ЖІӨ-нің сапалы өсуіне сенім артуға болады. Ол тек есептерде ғана емес, азаматтардың әмияндарында да сезіледі.
Ғалым Құсайыновтың айтуынша, биылғы жыл сын-қатерлер жылы. Ғ. Құсайыновтың айтуынша, ІЖӨ-нің көрстекішіне байланысты көзқарасты өзгертетін кез келді. Үкімет мұны экономика дамуының түйінді көрсеткіші ретінде таргеттейді, «2005-2006 жылдары мұнай қарқыны мен шикізат экспортынан түсетін үстеме кіріс халықтың нақты табысының күрт өсуіне алып келді. Бірақ 2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жұмыс берушінің өз қызметкерлеріне төлейтін жалақысының үлесі едәуір қысқарды, ал салықтардың үлесі ұлғайды, ал бизнестің үлесі бұрынғысынша қалды», дейді сарапшы.
Сарапшы-талдаушы Алмас Шөкиннің айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан әртүрлі жылдамдықты экономика жағдайында өмір сүрді: Өңдеуші өнеркәсіпке рекордтық деңгейде қаржы құйылды. Екінші жағынан — инфляция мен тарифтердің екі есе қысымы, бизнеске әлсіз кредит беру және кірістердің тоқырауы байқалды.
2025 жылғы қарашада халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша Үкіметтің, Ұлттық банктің және ҚНДРА бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды. Несиелендірумен күреске және инфляцияны монетарлық әдістермен төмендетуге баса назар аударылды. 2026 жылғы ақпанда, үкімет мамыр айына қарай кірісті арттырудың тағы бір ауқымды бағдарламасын әзірлеуге уәде берді. «1 мамырға дейін Қазақстанда алдағы үш жылға халықтың табысын арттыру бағдарламасы қабылданады. Сондай-ақ инфляцияны 11% -ға дейін төмендету жоспарда бар.
Сарапшының айтуынша, үкіметтік пулдан 1 мыңға жуық инвестициялық жобаны іске асыру қосымша жұмыс орындарының ашылуына ғана емес, экономикалық ресурстарымызға да әсер етеді. «Экономиканың ғана емес, нақты кірістердің 2-3% -ға өсуі инфляцияның салдары емес, тиімділіктің нәтижесі болуы тиіс. Ішкі нарықпен үйлестірілген экономика жағдайында экономикалық өсім мен халықтың айлық жалақасының өсімі бір-біріне дем береді, қатар өседі», дейді Алмас Шөкин.