
Бұл туралы Бішкекте Қырғызстан мен Қазақстаннан басқа Өзбекстан мен Тәжікстан өкілдері қатысқан төрт елдің салалық министрліктерінің кездесуінде айтылды
Тараптар вегетациялық кезең қарсаңында Орталық Азияның су-энергетикалық жүйелері жұмысының тұрақты режимін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
«Кездесудің маңызды блогы өңір елдерінің өзара міндеттемелерін талқылау болды. Ведомство басшылары энергия жүйелерінің тарихи өзара байланысын атап өтті: бір елдегі тұрақсыздық барлық макроөңірге сөзсіз әсер етеді», — делінген ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Атап айтқанда, қазақстандық тарап электр энергиясының тапшылығын сезініп отырған Қырғызстанның энергия жүйесіне іс жүзінде жәрдемдесуді жалғастыруға дайын екенін растады.
ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2025 жылдың қыркүйегінен бастап 2026 жылдың сәуіріне дейін біздің елден Қырғызстанның энергия жүйесіне электр энергиясын нақты жеткізу 1 560 млн кВт-тан астам сағатты құрағанын хабарлады.
«Бұл ағындар алдағы жазғы маусымда өңірдің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Токтогул су қоймасындағы қажетті су деңгейін сақтауға тікелей ықпал етті», — деп атап өтті министр.
Ол барлық тараптар мүдделер теңгерімін қамтамасыз ету үшін бұрын қол жеткізілген су-энергетикалық уағдаластықтарды қатаң сақтауы тиіс екенін қосты.
Іс-қимылды одан әрі үйлестіру Ташкентте мамыр айында және Бішкекте маусым айында жоспарланған министрлердің алдағы кездесулері шеңберінде жалғасатын болады.
Өткен жылы Қырғызстан 3,886 млрд кВт/сағ электр энергиясын экспорттады. Қырғыз Республикасының энергетика министрі Таалайбек Ибраев 2025 жылы республика 15,4 млрд кВт/сағ: ГЭС — 12,9 млрд, Бішкектің ЖЭО — 2 млрд, шағын ГЭС — 450 млн. Республиканың жалпы қажеттілігі 19,3 млрд кВт· сағ құрады. 3,886 миллиард киловатт-сағат электр энергиясының жетіспейтін көлемі Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Ресейден экспортталды, — деп хабарлады Таалайбек Ыбыраев.