Google 9 қазаннан бастап Gemini чат-ботындағы қуатты модельдерді тегін қолданушылардан жауып тастайды.

Компания тегін тарифте тек ең жеңіл нұсқаны қалдырмақ. Енді тәртіп былай өзгереді:
Тегін қолданушы неден айырылады?
Бұған дейін көпшілік тегін қолданып келген жылдам әрі сапалы Flash моделі енді ақылы болады. Тегін аккаунттарда тек Flash-Lite ғана қалады. Бұл – жауапты жылдам, бірақ үстірт беретін, ресурсты аз жұмсайтын нұсқа.
Ақылы жазылым иелеріне не болады?
Жаңа ереже жеке аккаунттарға ғана қатысты. Оның ішінде де саты-сатыға бөлінеді: AI Plus жазылымы барлар енді Flash моделін қолданады. Ал ең қуатты Pro моделі тек AI Pro және AI Ultra жазылушыларына ғана ашық болады. Компания AI Plus қолданушылары үшін шектеуді бірден емес, кезең-кезеңімен енгізетінін айтты. Нақты мерзімі әр қолданушыға жеке хатпен хабарланады. Ойлану деңгейі деген не?
Бұдан бөлек, Google модельдердің ойлануына үш түрлі деңгей енгізеді: төмен, орташа және жоғары. Қарапайым сауалға аз ойланса, күрделі есепке көп ойланады деген сөз.Ал ең ауыр тапсырмаларға арналған Deep Think режимі көпшілікке жабық. Параллель ойлауға негізделген бұл жүйеге тек Pro және Ultra иелері ғана кіре алады. Компания не үшін бұлай шектеп жатқанын түсіндірмеді. Өзгерістер тек Gemini қосымшасын жеке аккаунт арқылы қолданғандарға қатысты.