Ақан Сатаевтың «Күлпәшін» көрген көп көңілінде «Оскарга» лайық деген арман-тілек қонақтап қалды. Бейімбет Майлиннің он шақты минутта оқылатын шағын шығарма бір жарым сағаттық драмаға айналдырды. .Соңы тәтті аяқталмайды. Көзбояушылық жоқ. Бірақ көруге тұрарлық туынды — дәл осы.Бұл отбасын аман алып қалу үшін жасалатын ауыр таңдау, махаббат пен өмір үшін күрес

Күлпәш аштықтан құтқару үшін ауқатты ағайыны Жұмағазыға кетуге мәжбүр болады. Өзі үшін емес, күйеуі мен ұлы үшін барады.Жиырма күннен кейін қайтып келгенде күйеуі Мақтым мен ұлы Қалидың үсіп өлгенін көреді.Фильм осы қысқа оқиғаға дейінгі және одан кейінгі аралықты қосымша көріністермен толықтырып, отбасылық қасіретті толық көрсетеді..
Сатаев бұл фильмге өмір бойы дайындалған. Мектепке бармай жатып, ата-анасынан естіген әңгімені жүрегінін сүзгісінен қайта откерді, Бейімбет айта алмаған шындыққа бүгінгі көзбен қарады. Кейіпкердің үндемейтін, жыламайтын, түсіндірмейтін жерлерін тұстарын бұзбай-ақ айғайлап тұрған шындыққа айналдырды.
Аш адамның нанға қарауы, ананың баласына қарауы, ер адамның шарасыз қалғандағы үнсіздігі — бәрі сөзден артық сөйлеп тұр.Екіншіден, ол заманды қағаздан емес, тұрмыстан көрсетті Майлиннің жазғанындағы «көнектей ісік бет-ауыз», «жыртық күпі», «шекеден өткен ызғырық» деген сөздерді Сатаев экранда көрсетті. Актерлердің жүдеу келбеті, жұпыны киім-кешек, қақаған қыс, қараңғы, суық үйінің бәрі кадрға кіргендіктен көрермен «фильм көріп отырмын» деп емес, «сол заманға барып келдім» деп отырады.
Дегенмен сыншылар кей тұста дәлдік жетіспейтінін айтып жатыр. Мысалы, киіз үйдің есігін жел өтіне қарсы қоймау керек еді. Ал бай Жұмағазының үйі тым жұпыны көрініп қалған. Осы детальдар әңгімедегі бай мен кедей арасындағы айырманы толық көрсетуге кедергі келтірген.
Ал актерлер арнайы тәртіппен тамақтанды. Нанның бір тіліміне қарағанда көзінде жаттандылық емес, нағыз аштық көрінуі үшін осылай жасалды. Сондықтан көрермен аштықты көріп емес, сезіп отырады.
Қысқасы Бейімбеттің жазғанын Ақан дене арқылы жеткізді.Төртіншіден, ол жау іздеген жоқМайлин де, Сатаев та біреуді ақтап, біреуді қаралаған жоқ.
Кім ойнады?
- Күлпәш — Гүлмира Хасанова
- Мақтым — Еркебұлан Дайыров
- Ұлы — Бекболат Мақашев
- Бекболат — Хасанованың ұлы.
Сатаев басында мүлде танымал емес жаңа жүздер іздеген. Іріктеу бүкіл ел бойынша жүрді.Ал фильмнің өзегі — махаббат Басты назар — ананың баласы мен жарына деген махаббатына, жақындарын аман алып қалу үшін өз бақыты мен арын құрбан етуге мәжбүр болған әйелдің ішкі арпалысына аударылған.Бейімбеттің әңгімесіндегі махаббат аштықтың артында қалып қояды. Ал Сатаев оны аштықтың ортасынан суырып алып көрсетті.
Неге бұл фильм талқыланып жатыр?
Майлин шығарманы 1921-1922 жылдардағы ашаршылық ізімен жазған. Сатаевтың картинасы да сол нәубетті бір отбасының тағдыры арқылы бүкіл ұлттың қасіреті ретінде көрсетуді мақсат еткен. Фильмнің көрерменге кешігіп жетуі де талқылау туғызды. Соның арқасында жұрт Бейімбеттің түпнұсқа шығармасына қайта үңіліп жатыр.Қорытып айтсақбүл фильмді көрген адам Бейімбетті жаңаша түсінеді.
Ал дәл осы себепті «Күлпәш» туралы «Оскарға ұсынылуы мүмкін» деген сөз шығып жатыр. Себебі бұл жерде ойын жоқ. Шындық бар. Ақанның ең үлкен жеңісі — Оскар емес. Ең үлкен жеңісі — қазақ көрермені Бейімбетті қайта оқып жатыр. Балалар «Күлпәш кім?» деп сұрап жатыр. Міне, нағыз жүлде — осы. Ал Оскар ертенгі күннің еншісінде тақлынанатын тақырып,