Министрлік ресми түрде «қауіп төмен, жағдай бақылауда» дейді. Шекарада санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді, 197 байланыста болған адам бақылауда, белгі жоқ, тест теріс.

Роспотребнадзордың өзі «оба расталмады, себебі – этиологиясы белгісіз пневмония» деп отыр. Яғни, дүрбелеңге негіз жоқ. Бірақ сұрақ «қауіп бар ма, жоқ па» емес, сұрақ – біздің дайындығымыз қандай?
Еске түсірейік:
Шекарадағы бақылау – көзбояушылық емес пе?
Бізде «көліктің барлық түрінде қызуы жоғары адам анықталған жоқ» дейді. Бірақ тепловизор мен сауалнама – 2019 жылы да болған. Ол аса қауіпті инфекцияны ұстамайды. Инкубациялық кезең бар. Адам Иркутскіден ұшып келіп, Алматыда 3 күннен кейін ғана ауыруы мүмкін. Бізде диагностика бар ма?
Шелеховте диагноз әлі қойылған жоқ
Себебі оба, туляремия, легионеллез – бәрі пневмония болып көрінуі мүмкін. Алматыдағы, Астанадағы зертхана сол қоздырғышты 24 сағатта анықтай ала ма? ПТР-ы бар ма, сарысуы бар ма? Әлде Мәскеуге жібереміз бе? Байланыс – ең әлсіз жер.
197 адам бақылауда дейді Ресей. Ал бізде шекарадан өткен 10 мың адамның қайда кеткенін кім біледі? Бізде «сапардан кейін ауырсаң, дәрігерге айт» деген ескерту ғана. Бұл – пассивті бақылау. Белсендісі – билет, шекара базасымен жұмыс істеу. Сондықтан министрліктің «қауіп төмен» дегені – дұрыс, бірақ жарты ақиқат. Қауіп шынымен төмен, өйткені: Оба адамнан адамға оңай жұқпайды, бүрге арқылы жұғады. Иркутск – бізден алыс, тікелей рейс аз. Ресей эпидемияға қарсы шараны бастады.Бірақ дайындығымыз орташа, өйткені: Бізде әлі күнге дейін халық ресми дереккөзге сенбейді, Telegram-дағы «оба келді» деген фейкке сенеді. Министрлік осыны өзі айтып отыр. Шекарада – тепловизор, ауруханада – антибиотик. Ал ортасында – нақты эпидемиологиялық барлау жоқ. Не істеу керек?
- Дүрбелең емес, ашықтық. Күн сайын «Иркутскіден келген жолаушы тексерілді, күдік жоқ» деп бір жол жазып тұрса, фейк таралмайды.
- Дәрігерлерге нұсқау. Жіті пневмониямен түскен әр адамнан «соңғы 14 күнде Иркутск облысында болдыңыз ба?» деп сұрауды міндеттеу. Бұл – бір бұйрық.
- Зертхананы тексеру. Ұлттық зертханада обаға, туляремияға қарсы тест-жүйесі бар ма, жоқ па – соны қазір тексеру керек, ертең емес.Қорытынды: инфекцияның келу қаупі – төмен.
- Бірақ біздің дайындығымыздың деңгейі де – төмендеу емес, орташа. Форумда AI-агент туралы әдемі сөйлегенімізбен, шекарада әлі де қағаз бен тепловизормен отырмыз.