Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин осылай деді. Бұл – турист ең көп жүретін бағыт.

2025 жылы шетелден келген әр 100 адамның 12-сі Вознесенский шіркеуіне, алтауы Жасыл базарға барған. Панфиловшылар бағы – шіркеу – мешіт – базар – бәрі бір желіде. 2,5 млрд теңге салынды.
2023-2025 жылдары инвестор базардың іші мен желілерін жаңартуға 2,5 млрд теңгеден астам құйған. Енді сыртқы кейпі өзгермек. Мақатаев жақтағы ашық сауда алынып, қасбет жаңарып жатыр. Пушкин көшесінде көлік жолы тарылып, жаяу жолы кеңейді. Зенков, Жібек жолы, Мақатаев, Кіші Достық көшелері бір жаяу желіге жалғанады. Жасыл желек, орындық қойылып, шіркеуден базарға дейін жаяу жетуге ыңғайлы болады.
Тағы бір жоба – Әл-Фарабидегі алаң
Фотоға түсетіндер жиналатын Әл-Фарабидегі алаңда серуен жолы мен демалыс бұрышы бар кеңістік жасалады. Әкімдік базардың тарихи бейнесі сақталады деп отыр.