Алтын арзандап, доллар қымбаттап жатқанда теңге ортада қалып қойды. Жұма күні доллар 455,32 теңгеге жетті. Сарапшылардың айтуынша, теңгенің әлі өз бетінше жүруге қауқары жетпейді. Себебі ол әлі мұнай мен долларға байлаулы.

Теңге – еркін жүзетін валюта болғанмен, өз бетінше шешім қабылдайтын денгейге жеткен жоқ. Мұнай арзандаса, елге доллар аз кіреді, теңге бірден әлсірейді.Алтын әдетте осындай кезде қымбаттауы керек еді. Керісінше, алтынның өзі арзандап жатыр. Бұл инвесторлардың ештеңеге сенбей, ақшасын бірден долларға салып жатқанын көрсетеді.
Сарапшылар не дейді?
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, теңгеге бірден екі жақтан қысым түскен:
«Теңгеге сыртқы да, жатыр. Алтын қорғаныш рөлін атқара алмады: баға 4,6%-ға түсіп, 3515 долларға жетті ішкі да факторлар қысым түсірді. Мұнай арзандап, инвесторлар тәуекелге бара алмай жатыр. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов бұған дейін теңгенің нығаюының бір себебін атаған:
«Алтын бойынша операцияларды айнаға түсіреміз, түсім ішкі валюта нарығына түседі. Бұл да теңгенің табиғи жолмен нығаюына әсер етті».
Яғни алтын – теңгеге тіреу, бірақ ол тіреудің өзі де нарыққа тәуелді болып тұр.
Осыны BCC Invest аналитиктері де растайды. Олар теңгенің қазір өзінің нақты құнынан қымбат тұрғанын айтады:
Теңге шамамен 20%-ға қымбат бағаланған. Бір жылда нақты бағам 22%-ға нығайды, ал тепе-теңдік деңгейі небәрі 1%-ға өсті».Бірақ бұл сөзден қорқып кетуге болмайды. Себебі дәл сол аналитиктер күрт құлдырау болмайды деп отыр.
Қаржыгер Расул Рысмамбетовтың айтуынша, 480 плюс-минус – консервативті болжам, келісемін. 500 болады, әбден мүмкін, 440 болады, ол да мүмкін. Бірақ бізге мұндай тербеліс керек емес»
Түйін
Сарапшылардың бәрі бір нәрсені айтады: теңге әлі өз бетінше шешім қабылдай алмайды.Оның тірегі – алтын қоры бар, бірақ шешімді әлі Вашингтон мен мұнай нарығы қабылдап отыр. Теңге өз бетінше жүру үшін алдымен экономиканың өзі өзгеруі керек: экспорт тек мұнайға тәуелді болмауы, импорт азаюы, халықтың өзі теңгеге сенуі керек.Әзірге күрт құлау күтілмейді. Сарапшылар тек біртіндеп әлсіреу болуы мүмкін дейді. Сондықтан үрейге беріліп, бар ақшаны бірден долларға айырбастауға асықпаған жөн.