
3 сәуірде Қазақстан қор биржасының кешкі сауда-саттығында доллар бағамы 470,46 теңге белгісінде күшейді.
Экономист Асқар Қысықовтың айтуынша, теңгенің нығаюына бірден бірнеше фактор әсер етеді. «Ең алдымен іргелі — мұнай бағасы, ол жоғары күйінде қалып отыр және төмендетуге әзірге себеп жоқ. Болашақта болуы мүмкін. Бірақ, күрт ауытқулар болмайды», дейді экономист.
Оның мәліметінше, резидент еместер ҚР бағалы қағаздарына $4-5 млрд салды. Осының барлығы теңгенің нығаюына оң әсерін тигізеді. «Бағамның екі жаққа да жылжып келе жатқаны жақсы. Ал 600-700-1000 бағамына қойғандар шығынға ұшырайды. Бірақ екінші жағынан, бұның барлығы валютаға деген сенімді арттырмайды», дейді экономист.
Оның айтуынша, жақын арада бағамда өзгерістер бола қоймайды.
Алматының айырбастау орындарында американдық валютаны 3 сәуір күні кешке орта есеппен 469,25 теңгеден сатып алып, 471,89 теңгеден сатқан. Еуро: 541 теңге сатып алу, 546 — сату. Ресей рублі — 5,85 және 5,99.Астанада долларды сатып алу мен сатудың орташа бағасы 467 және 474 теңгені құрады. Еуро бойынша бағам сатып алу мен сату үшін 539 және 549 теңге, ресей рублі үшін 5,85 және 6,15 теңге деңгейінде қалыптасты.
ҚР Ұлттық банкінің ресми бағамы 5 сәуірде бір доллар үшін 472,31 теңгені, бір еуро үшін 543,72 теңгені және бір рубль үшін 5,86 теңгені құрады.