Базалық мөлшерлеме түсті – 15,75%
Ұлттық Банк мөлшерлемені 16,25%-дан 15,75%-ға түсірді. Бұл биылғы төртінші рет төмендетуі. Инфляция 12 ай бойы баяулап, қыркүйекте 9,3% болды.

Бұл нені білдіреді?
Депозит өсімі сәл баяулайды, несие бірден арзандамайды. Ұлттық Банк жыл соңына дейін осы деңгейді ұстап тұрамыз деп отыр. Теңге үшін жақсы жаңалық.
KASE тарихтағы ең биік белеске шықты
Акция нарығының жалпы құны 50,2 трлн теңгеден асты, жыл басынан +28,8% өскен. KASE индексі 8 121 пунктке жетті. Көш басында – Kaspi.kz (+16% тамызда) және Қазатомөнеркәсіп (+8,5%).
Бір күнде 9 мыңнан астам мәміле жасалып жатыр.3.
Тұтыну несиесі тежелді
Қаржы нарығын реттеуші агенттік талапты күшейткен соң, тұтыну несиесінің өсімі 14,6%-дан 7,5%-ға түсті. 90 күн кешіккені бар адамға жаңа несие берілмейді. Алаяқтар рәсімдеген несие 8,7 мыңнан 1,9 мыңға азайды.
Банк үшін тәуекел азайды, халық үшін – шектен тыс қарыздан қорғаныс.
Банк енді шағыммен бағаланады
22 қазаннан бастап әр банкке жеке талап қойылды: шағымға уақытында жауап беру, қайталама шағымды азайту. Егер бірнеше банкте қарызың болса, FinKomek / FinKelisim арқылы бір жерден шешуге болады.
ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ: БИРЖАДАҒЫ ХАЛЫҚ – 51,7%!
KASE-де қазір 5,85 млн инвестор шоты бар. 72 компанияның 85 акциясы сатылады.Нарықты кім ұстап тұр? Жеке адамдар – 51,7% – нарықтың жартысынан көбі біз!Басқа заңды тұлғалар – 26,5%Брокерлер – 18%Банктер – небәрі 0,4%Шетелдіктер – 10%Халық ең көп не алып жатыр? Халық Банк, Kaspi.kz, KEGOC, Kcell, Қазатомөнеркәсіп.
Түйін: Инфляция 9,3% болғанда депозит оны әрең жабады, ал Kaspi бір айда +16% берген. Сондықтан ел арасында «KASE – екінші депозит» деген сөз жүр.