
Бейсенбі күні таңертең, 9 сәуірде «қара алтын» бағасы барреліне $97 деңгейінде бекітіліп, шамамен 3% -ға өсті, деп жазады Reuters.
Мұнай құлдырауда, алтын өсуде, ал Қазақстан бюджеті толығуда
Мысалы, Brent маркалы мұнайдың фьючерстері $2,6, немесе 2,74% қымбаттап, барреліне $97,35 болды, ал West Texas Intermediate (WTI) маркалы американдық мұнай 3,02, немесе 3,2% қымбаттап, барреліне $97,43 болды.
Қысымның басты факторы өңірдің негізгі көлік артериясы — Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуіне шектеулердің сақталуы болып қалып отыр. Трейдерлер мұнай құнына жеткізілімдердің бұзылу тәуекелдерін енгізеді.
«Ормуз бұғазы арқылы өтетін транзит кенеттен толығымен қауіпсіз бола алмады. Ол бойынша өту бұрынғысынша Иранның қарауында қалады», — делінген Standard Chartered талдау жазбасында.
Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов бүгінгі брифингте мұнай бағасының әлемдік конъюнктурасы күн сайын өзгеріп жатқанын айтты. Оның айтуынша, Энергетика министрлігі қысқа мерзімді болжамдарға емес, саланың тұрақтылығын қамтамасыз етуге назар аударады.Министрлік ішкі нарықты қамтамасыз етуге, мұнай өндіру жоспарын орындауға, экспортты, жеткізу бағыттарын және ел ішіндегі тасымалды, сондай-ақ өңдеу саласын тұрақты ұстап тұруға көңіл бөледі, – деді Санжар Жаркешов.Вице-министрдің сөзінше, мұнай бағасының күрт өзгеруіне қарамастан, саладағы негізгі процестер жоспарлы режимде жұмыс істеп жатыр.»Мұнай экспорты көбіне спот-нарық арқылы емес, орта және ұзақ мерзімді келісімшарттар негізінде жүзеге асады. Сондықтан келісімшарттардың сипаты тұрақты», – деді ол.
Осыған байланысты мұнай бағасының қысқа мерзімді ауытқуы ел экономикасына бірден әсер етпейді.
«Әрине, оң әсер болады. Бірақ мұндай өзгерістердің нәтижесін шамамен алты айдан кейін көреміз. Үкімет болған соң әртүрлі сценарийге дайын болжам жасаймыз. Біздің бюджет те соған негізделген. Сондықтан мұнай бағасы төмен болсын, жоғары болсын – барлық жағдайға арналған арнайы сценарийлер бар. Үкімет оған дайын, – деп түйіндеді Санжар Жаркешов.
8 сәуір қарсаңында мұнай бағасы барреліне $100 белгісінен едәуір төмен түсіп, 13-14% -ға құлдырады.