
Қазақстанда макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қаржы нарығын реттеу жөніндегі бірыңғай үйлестіру комиссиясы құрылады. Шешім Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен өткен қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңестің отырысында қабылданды.
Жаңа алаң Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНДРА), Қаржы министрлігінің және АХҚО күш-жігерін біріктіреді.
«Комисия қызметі шеңберінде қаржылық тұрақтылықты нығайтуға және қаржы секторының үдемелі дамуын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі жүйелі және стратегиялық мәселелер қаралатын болады», — делінген хабарламада.
Комиссия құру реттеушілердің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға, елдің биржалық алаңдары арасындағы синергияны қамтамасыз етуге, ведомствоаралық үйлестіруді күшейтуге және капиталды шығаруға және салық салудан жалтаруға қарсы іс-қимыл мәселелерінде келісілген тәсілдерді әзірлеуге, сондай-ақ Қазақстанның қаржы саласындағы халықаралық ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді.