Елсіз жерге ел қондыру ел билігінде отырған азаматтардың көкейкесті арманы болғаны тарихта қатталып қалған. Мысалы, Абылай заманында Тарбағатай, Жетісу өлкелеріне, сондай-ақ Түркістан мен Ташкент сияқты маңызды оңтүстік аймақтарға қатысты болды. Ол Ресей мен Цин империяларының арасындағы геосаяси жағдайды тиімді пайдаланып, қазақ жерлерінің тұтастығын қалпына келтірді.

• Тарбағатай мен Жетісу: Жоңғарлар әлсіреп, жойылғаннан кейін, бұрын тартып алынған ата қоныстарды қазақтар қайтадан иеленді. Хан бұл өңірлерге мал өсіретін қазақ ауылдарын көшіріп келіп, шаруашылықты қалпына келтірді.
Бұл саясат тәуелсіз Қазақстан тұсында да жалғасты . Соның ішінде есте қалғаны
• Серік Ахметов Премьер-министр болып тұрған кезде, 2014 жылы 20 наурыздағы №248 Үкімет қаулысымен оралмандарды (қандастарды) қоныстандыруға арналған өңірлер мен квоталар бекітілген болатын. Бұл құжат қандастарды еңбек ресурстары тапшы өңірлерге орналастыру мен көші-қон саясатын жүзеге асыруға бағытталды.
• Қоныстандыру өңірлеріне Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары енді.
• Құжат көші-қон үдерісін реттеу және өңірлік квотаны бөлу мақсатында қабылданды.
Мемлекеттік қолдау түрлері мен мөлшері
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ауыл – ұлтымыздың өзегі» деген тұжырымынан кейін бұл сала ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық өсудің стратегиялық бағытына айналды. Бұл бағытта инфрақұрылымды жақсарту, халықты қолдау және арнайы заң жобаларын қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Өңіраралық еңбек ұтқырлығы бағдарламасы бойынша кадр тапшылығы бар өңірлерге көшетін азаматтарға біржолғы көшу субсидиясы, тұрғын үй жалдау мен коммуналдық шығындарды өтеу және 7 млн теңгеге дейінгі экономикалық мобильдік сертификаты беріледі.
• Біржолғы субсидия: Отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (302 750 теңге) көлемінде төленеді.
• Тұрғын үй жалдау шығындарын өтеу: Отбасы құрамына және өңірге байланысты 64 875 теңгеден 129 750 теңгеге дейін өтемақы беріледі.
• Экономикалық ұтқырлық сертификаты: Жаңа жерден баспана сатып алу үшін 7 млн теңгеге дейін (1 625 АЕК) қаржылай көмек ұсынылады.
Төлемдер туралы мәліметтерді ведомствоның баспасөз қызметі жариялады.2026 жылдың 1 шілдесіне көшуге 3420 адам біржолғы субсидия алды. Тағы 3432 азаматқа мемлекет тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарын өтеді.
2026 жылы көшу кезінде төлем мөлшері 70 айлық есептік көрсеткішті немесе отбасының әрбір мүшесіне 302 750 теңгені құрайды. Бұдан басқа, бағдарламаға қатысушылар тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтер шығындарының ай сайынғы өтемақысын есептей алады. Оның мөлшері отбасы құрамы мен елді мекенге байланысты 64 875 теңгеден 129 750 теңгеге дейін өзгереді. Министрлікте еске салып өткендей, қолдау шаралары Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес өңіраралық еңбек ұтқырлығы бағдарламасы аясында ұсынылады.