Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17% -дан 16,75% -ға дейін төмендетті. Осыдан кейін депозиттердің кірістілігі несиелер арзандағанға дейін төмендей бастайды. Бірақ 0,25 пайыздық тармақтың әсерін біз біраз уақытқа дейін сезіне қоймаймыз. Жыл соңына дейін базалық мөлшерлеме біртіндеп 16%-ға дейін төмендейді деген болжам болған. Сонымен қатар 16–17% деңгейіндегі базалық мөлшерлеме экономиканың ұзақмерзімді тепе-теңдік деңгейі емес, керісінше экономикалық өсімді тежеуі мүмкін дағдарысқа қарсы шара.

Депозиттерге әсері
• Табыстылықтың төмендеуі: Банктер халықтан ақша тарту құнын азайтатындықтан, жаңадан ашылатын немесе мерзімі ұзартылатын депозиттердің пайыздық мөлшерлемелері біртіндеп төмендеуі мүмкін.
• Қолданыстағы салымдар өзгермейді: Бұрын бекітілген шарттары мен нақты пайызы бар қолданыстағы депозиттердің мөлшерлемесі мерзімі аяқталғанша өзгеріссіз қалады.
Несиеге әсері
• Біртіндеп арзандау ықтималдығы: Қаржы ұйымдарының ақша алу құны азайған сайын, жаңадан берілетін несиелердің пайызы да аздап төмендеуі ықтимал, бірақ бұл бірден байқалмайды.
• Күрт өзгеріс болмайды: 0,25%-дық төмендеу тұтынушылық несиелер мен ипотека құнын жаппай және лезде арзандата қоймайды. Нақты әсер ету үшін мөлшерлеменің төмендеу циклі тұрақты түрде жалғасуы қажет.
• Бизнес үшін тиімділік: Кәсіпорындар мен өндірістік жобалар үшін қарыз алу шарттары біраз жеңілдеп, экономиканы несиелеу белсенділігі артуы мүмкін.
Банктер жаңа теңгелік салымдар бойынша мөлшерлемелерді бірте-бірте төмендете алады, әсіресе егер нарық одан әрі жұмсартуды күтетін болса. Бірақ салымшылардың ақшасы үшін бәсекелестік мұны тез жасауға мүмкіндік бермейді.
Тіркелген мөлшерлемесі бар қолданыстағы салымдар бойынша шарттар шарттың соңына дейін өзгермейді. Сондықтан ақшаны ұзақ уақыт орналастыруды жоспарлап отырғандарға ағымдағы мөлшерлемелер кірістілікті белгілеу үшін қызықты болуы мүмкін.
Несиелер туралы не Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17% -дан 16,75% -ға дейін төмендетті. Осыдан кейін депозиттердің кірістілігі несиелер арзандағанға дейін төмендей бастайды. Бірақ 0,25 пайыздық тармақтың қадамы қазақстандықтардың күрт өзгерістерді сезінуі үшін тым кіші. Одан бөлек несие пайызы базалық мөлшерлемеге ғана тәуелді емес. Базалық мөлшерлеме төмендегенімен бұрын рәсімделген, белгіленген пайыздық мөлшерлемесі бар несиелердің шарттары өзгермейді.
Базалық мөлшерлеме бір күнде қабылданатын шешім емес
Ұлттық банктің сарапшылары алдын ала барлық макроэкономикалық көрсеткішті саралап, Ақша-кредит саясаты комитетінің отырысына қажетті материалдарды дайындайды. Сол себепті Ұлттық банк әр отырыстан кейін тек мөлшерлемені жарияламай, оған қандай факторлардың әсер еткенін егжей-тегжей түсіндіреді.
Сарапшы Расул Рысмамбеттің айтуынша, тіркелген мөлшерлемесі бар қолданыстағы салымдар бойынша шарттар шарттың соңына дейін өзгермейді. Сондықтан ақшаны ұзақ уақыт орналастыруды жоспарлап отырғандарға ағымдағы мөлшерлемелер кірістілікті белгілеу үшін қызықты болуы мүмкін.
Жаңа кредиттердің құны да төмендеуі мүмкін, бірақ депозиттердің кірістілігіне қарағанда баяу. Кредит бойынша ставка базалық ставкаға ғана емес, банктің өзі үшін ақша тарту құнына, кредиттік тәуекелдерге, операциялық шығыстарға және капиталға қойылатын талаптарға да байланысты.
Корпоративтік қарыздар, автокредиттер және коммерциялық ипотека сияқты қамтамасыз етілген және тәуекелі аз кредиттер тез арзандауы мүмкін. Тұтынушылық кепiлсiз заемдар бәрiнен қымбат болып қалады, өйткенi олардың құнының едәуiр бөлiгiн жоғары кредиттiк тәуекелдер мен ықтимал шығындарды жабуға арналған банктердiң шығыстары қалыптастырады.
Белгіленген ставкамен берілген несиелер бойынша ешнәрсе өзгермейді.
Тіпті төмендегеннен кейін де базалық мөлшерлеме жылдық инфляциядан 6,45 пайыздық тармаққа асып түседі. Ақша-несие жағдайлары қатал күйінде қалып отыр. Өзгерістер халық пен бизнес үшін айқын болуы үшін инфляцияның тұрақты баяулауы аясында мөлшерлемені төмендетудің жүйелі циклы қажет
Бұған дейін біз қазақстандық банктердегі депозиттердің жалпы көлемі алғаш рет 50 трлн теңгеден асып кеткенін жазғанбыз. Жыл басынан бері салымдар шамамен 4 трлн теңгеге өсті. Қазақстандықтар бұрынғысынша теңге салымдарын артық көреді. Олардың үлесі барлық депозиттердің 80,3% -ын құрайды.
Жаңа кредиттердің құны да төмендеуі мүмкін, бірақ депозиттердің кірістілігіне қарағанда баяу. Кредит бойынша ставка базалық ставкаға ғана емес, банктің өзі үшін ақша тарту құнына, кредиттік тәуекелдерге, операциялық шығыстарға және капиталға қойылатын талаптарға да байланысты.
Корпоративтік қарыздар, автокредиттер және коммерциялық ипотека сияқты қамтамасыз етілген және тәуекелі аз кредиттер тез арзандауы мүмкін. Тұтынушылық кепiлсiз заемдар бәрiнен қымбат болып қалады, өйткенi олардың құнының едәуiр бөлiгiн жоғары кредиттiк тәуекелдер мен ықтимал шығындарды жабуға арналған банктердiң шығыстары қалыптастырады.
Белгіленген ставкамен берілген несиелер бойынша ешнәрсе өзгермейді.
Әзірге арзан ақша болмайды
Тіпті төмендегеннен кейін де базалық мөлшерлеме жылдық инфляциядан 6,45 пайыздық тармаққа асып түседі. Ақша-несие жағдайлары қатал күйінде қалып отыр. Өзгерістер халық пен бизнес үшін айқын болуы үшін инфляцияның тұрақты баяулауы аясында мөлшерлемені төмендетудің жүйелі циклы қажет.