Мемлекет АӨК-ке 1 трлн теңге құйды, өндіріс 9,8 трлн-ға жетті. Бірақ аштықтың эпицентрі – қала емес, ауыл болып шықты.

Қазақстан ауыл шаруашылығына 1 трлн теңге бөлді, өндіріс 9,8 трлн-ға жетті. Бірақ ауылдағы кедейлік қаладан 2 есе көп – 7,3%. Energyprom дерегі бойынша халық табысының 48%-ын тамаққа жұмсайды. Неге ауыл тоқ емес?
Ұлттық статистика бюросының ресми сауалнамасы бойынша 2026 жылы:Тамаққа ақша жетпейді деп алаңдағандар – 3,4%
Толыққанды тамақтана алмаймын дегендер – 2,5%Рационы жеткіліксіз – 2,8%100%-дан аз, елеусіз сияқты.
Бірақ БҰҰ-ның FIES шкаласымен өлшесең, сурет басқа:Қажеттіден аз жеуге мәжбүр – 1,7%Үйде тамақ толық таусылған – 1,6%Ас ішуден бас тартқан – 1,3%Нағыз аштық сезінген – 1,2%
Қазақстандықтар табысының 48%-ын тек тамаққа жұмсайды.
- АҚШ – 6-10%,
- Англия – 8,2%,
- Швейцария – 8,7%,
- Австралия – 9,8%.
Бізде – Кения заңы. Кенияда халық табысының 60%-ын тамаққа жұмсайды, Швейцарияда – 10%-ын ғана. Біз соған жақынбыз.
1 трлн теңге қайда кетті?
Ауыл шаруашылығы министрлігінің есебі:2025 жылы АӨК-ке мемлекеттік қолдау – 1 трлн теңге. Бұл 2021 жылдан 10 есе көп.2026 жылға жоспар – 1,5 трлн теңге.Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 9,8 трлн теңге (+5,9%)Өсім бар.
Бірақ вице-министр Азат Сұлтанов өнімнің көбі жеткілікті көлемде өндіріледі, бірақ «өндіріс – сақтау – өткізу» тізбегінде теңгерімсіздік бар екенін айтты.
Ауылдың мүмкіндігін неше пайыз пайдаланып отырмыз?
Егер АӨК 9,8 трлн теңге өнім беріп, бірақ сол өнімді өндіретін ауылдың өзі аш болса – біз әлеуеттің 30-35%-ын ғана пайдаланып отырмыз.Қалған 65% – қойманың жоқтығы, логистиканың өлгені, делдалдардың 15% емес, 100% үстеме қосатыны.Не істеу керек? (Мақаланың соңына чек-лист)1 трлн теңгені «айналым схемасына» емес, ауылдағы тоңазытқыш қоймаларға құю керек.Жәрмеңке емес, кооперация керек. Бір ауыл – бір қойма, бір реф-жүк көлігі.48% көрсеткіші – ұлттық дабыл. Бұл Кения деңгейі. 48%-дан 25%-ға түспейінше, біз орта тап туралы айта алмаймыз