Үш жылда теңге нығайды, бірақ баға түскен жоқ. Керісінше, өсті. Ұлттық банктің дерегі – соның дәлелі.

• 2023 жылғы 24 қыркүйекте бір доллар – 475,25 теңге еді.
• 2026 жылғы 24 қыркүйекте – 441,86 теңге.
• Үш жылда доллар 33 теңге 39 тиынға арзандады. Теңге 7 пайызға қымбаттады.
Логика бойынша, теңге қымбаттаса, шеттен әкелген тауар арзандауы керек. Бірақ олай болмады.Үш жылда баға қанша өсті?
Ресми инфляцияға қарайық:
• 2023 жылы – 9,8 пайыз
• 2024 жылы – 8,6 пайыз
• 2025 жылы – 12 пайыз шамасында
• 2026 жылғы тамызда – 9,8 пайыз
Үшеуін қосқанда емес, көбейткенде есептеледі. 2023 жылы мың теңге тұрған себет 2026 жылы шамамен 1350-1380 теңге болды. Яғни үш жылда баға 35-38 пайызға өсті.Доллар 7 пайызға арзандаса, баға 35 пайызға қымбаттады.
Антипат осында.
• Теңгенің қымбаттауы – қолдан жасалған қымбаттық.Теңге нарықта өзінен өзі нығайған жоқ. Екі күш нығайтып тұр.Бірі – мұнай. Мұнай қымбат кезде бюджетке доллар көп түседі, Ұлттық қордан бюджетке аударым көп.Екінші – базалық мөлшерлеме. Қазір 16,25 пайыз. Бұл – әлемдегі ең жоғарының бірі. Өсімі жоғары болған соң инвестор теңгемен отырады, доллар сатады. Сөйтіп теңге нығаяды.Яғни теңге экономика күшейіп нығайған жоқ, ақша қымбаттап нығайды.
• Біз тауарды емес, шығынды сатып аламыз.Дүкендегі тауардың бағасы долларға ғана байланбаған. Оның ішінде:жарық – 37 теңгеден асты,су – 178 теңге болды,көлік ақысы, жанармай,жұмысшының жалақысы,салық, ҚҚС – 16 пайызға өсті,жалға берілетін орынның ақысы.Осы шығынның бәрі теңгемен есептеледі. Доллар арзандаса да, осы шығын арзандаған жоқ, керісінше өсті. Сондықтан кәсіпкер бағаны түсіре алмайды.3. Импорт арзандаса да, сөреге арзан жетпейді.Қазақстан тұтынатынының 60 пайыздан астамын шеттен әкеледі. Теоретиктер «теңге нығайса, импорт арзандайды» дейді. Дұрыс.Бірақ арзан тауар шекарадан өткен соң қымбаттайды. Жолда – монополист, қоймада – делдал, базарда – тағы делдал. Әрқайсысы өз пайдасын қосады. Доллар 33 теңгеге арзандағанымен, делдалдың пайдасы 100 теңгеге өседі. Халыққа арзандық жетпейді.
• Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың өзі «мықты теңге импорт бағасын түсіреді» дейді.
• Бірақ бұл – қоймадағы баға. Сөредегі баға емес.
• .Халық пен кәсіпкер теңге ертең қайта құлайды деп күтеді. Үш жыл – ұзақ мерзім, бірақ сенім қалыптасқан жоқ. 2015 жылы 188 теңгеден 380-ге кеткені, 2022 жылы 500-ге шарықтағаны естен кеткен жоқ. Сондықтан кәсіпкер тәуекелге бармайды, бағаны түсірмейді. «Бүгін арзандатсам, ертең доллар өсіп кетсе, орнымды толтыра алмаймын» дейді.ҚорытындыҮш жылда теңге 7 пайызға нығайды, баға 35 пайызға өсті. Бұл – теңге нашар деген сөз емес. Бұл – бағаның өсуі теңгеге ғана байланбағанын көрсетеді.Қымбат теңге базарды арзандатпайды, егер:жарық, су, газ қымбаттаса,салық өссе,делдал көп болса,халықтың сенімі болмаса.Теңгені нығайту – Ұлттық банктің шаруасы. Бағаны ұстау – Үкіметтің, әкімдіктің, монополияға қарсы органның шаруасы. Екеуі бірге жүрмесе, теңге қымбат, базар да қымбат күйі қала береді.