Украина мен Ресей Еуропа нарығынан кетті, болат, көмір, астық бағасы шарықтады. Қазақстан үшін бұл тарихи терезе еді. Бірақ 4,5 жылда Орта дәліз кеңеймегендіктен, босаған орынды Түркия, Үндістан, Қытай алып кетті.

Болат нарығы босады, бірақ біз кіре алмадық
Тамыз-қыркүйекте Ресей зымырандары Украинаның барлық болат зауытын қиратты. ВВС жазғандай, Украинада металлургия тоқтады. Бұрын бұл сала ЖІӨ-нің 10%-ы, экспорттың үштен бірі еді.Оған дейін санкция салдарынан Ресей болаты да Еуропадан ығысқан. Еуропаның өзі газ қымбаттап, болат өндірісін азайтқан. Нәтиже – Еуропада болат тапшы, баға қымбат. Теорияда Qarmet үшін үлкен мүмкіндік.Бірақ іс жүзінде кірмедік. Себебі жол жоқ. Ресей темір жолы мен порты жабық. Орта дәліз (ТМТМ) тар: Ақтау – Баку – Грузия – Еуропа бағыты қымбат, баяу Каспийде кеме, портта инфрақұрылым аз Грузия порттары дайын емес. Бос орынды Түркия, Үндістан, Қытай, Корея алды.
Көмір, астық, мұнай – бәрінде бір кедергі
Көмір: 2022 жылы ЕО Ресей көмірінен бас тартқанда баға аспанға шықты. Екібастұз көміріне сұраныс зор болды. Бірақ тасымалдайтын құрғақ жүк кемесі болмады. Еуропа көмірді Колумбия, ОАР-дан алды. Терезе жабылды
Астық:
Қара теңізде тасымал тұрып қалғанда Египет, Иранда нан қымбаттады. Қазақстан бидайын сол жаққа сата алар еді. Бірақ Каспий-Иран дәлізі дамымаған, Иран санкцияда. Нәтижеде Орталық Азияда да арзан ресейлік бидайдан жеңіліп отырмыз.
Мұнай:
Экспорттың 80%-ы КТК-мен, ол Ресей жерімен өтеді, Украина шабуылынан бірнеше рет тоқтады. Каспий арқылы баламаны көбейте алмадық.Жанармай: Үш зауытымыз бар, көршілерге бензин, дизель сатып хаб бола алар едік. Оның орнына экспортқа тыйым салып, нарықты Ресейге бердік.
Сирек металл:
Батыс литий, кобальт үшін Қытайдан құтылғысы келеді. Бізде қоры бар, бірақ 4,5 жылда бірде-бір өңдеу зауыты салынбады, бәрі қағаз жүзінде.
Түйін: 4,5 жыл неге жетпеді?
Соғыс басталғалы 4,5 жыл өтті. Бұл – жол салуға жететін уақыт. Бірақ Астана инфрақұрылымдық тәуелділіктен шыға алмады.Босаған Еуропа нарығын икемді елдер алды. Қазақстанға тек жанама пайда – мұнай, металл бағасы өссе, қазынаға аздап түседі. Ал стратегиялық қорытынды біреу: Ресейсіз жол салмайынша, кез келген геосаяси мүмкіндік біз үшін тек жел болып өте береді.