«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 2008 жылы Сингапурдың Temasek холдингі үлгісінде құрылды. Мақсаты – мемлекеттік активтерді кәсіби басқару арқылы пайда табу және елдің дамуына үлес қосу болатын.

22 жылдан кейін, 2026 жылдың 11 қарашасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» басшысы Елжас Отыншиевтің ұсталғанын хабарлады. Осы оқиға қоғамда бір ғана сауал тудырды: Қоғам бұдан әрі не болады деген сұраққа жауап іздеп жатыр.
Бұл сауалға жауап іздеген төрт сарапшының пікірі бір-біріне жалғасып, бір тұтас пікірталасқа айналды.
Сатпаевтың сұрағынан – Әшімбаевтың жауабына
Саясаттанушы Досым Сатпаевтың айтуынша, жекелеген адамның ұсталуы деп емес, тұтас жүйенің дағдарысы. «Сингапурдың Temasek-і сияқты қор шығады» деген жауап ақталмады. Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың пікірінде оқиғаның екінші жағы анықталады. «Самұрық басшысының ұсталуының прецеденті жоқ. Бұл – «Заң мен Тәртіп» саясатындағы ең жарқын акция. Мемлекет шенге, ықпалға қарамай, заңның бәріне ортақ екенін көрсетті», дейді ол.
Сонымен, Сатпаев «жүйе ауру» десе, Әшімбаев «жүйе емделе бастады» дейді. Бірі диагноз қойды, екіншісі ем басталғанын айтты. Ал диагноз бен ем қойылғаннан кейін келесі сұрақ туындайды:
Енді жүйені қалай құрамыз?
Осы сұраққа қаржыгер Расул Рысмамбетов нақты жауап ұсынды. Оның пікірінше, егер тәртіп орнап жатса, қорды министрлік үлгісінде ұстауды доғарып, нағыз инвесторға айналдыру керек: «Самұрық Temasek сияқты портфельдік модельге көшуі керек. Мемлекет белсенді емес акционер болуы керек. Шешімді квазимемлекеттік менеджмент емес, бизнес мүддесі қабылдауы керек. Бәрін біртіндеп жартылай жеке қолға беру керек»
Осылайша Рысмамбетовтың ұсынысы Сатпаевтың сұрағына да, Әшімбаевтың жауабына да табиғи жалғасады. Сатпаев «неге Temasek бола алмадық?» деді, Әшімбаев «енді тәртіп бар» деді, Рысмамбетов «ендеше Temasek болайық» деді.
Бірақ бұл жерде тағы бір сұрақ шығады: жақсы, модельді өзгертеміз делік, ал бүгін, дәл қазір нарықта не болады?
Рысмамбетовтың моделінен – Темірбаевтың ескертуіне
Бұл сұраққа қаржыгер, QAMS атқарушы директоры Данияр Темірбаев жауап берді. Ол үлкен теорияға бармастан, Рысмамбетовтың ұсынысын бүгінгі шындықпен сабақтастырды:
«ҚТЖ-ның IPO-сы анықталмаған мерзімге шегеріледі. Себебі қылмыстық тергеу кезінде IPO-ға қажетті корпоративтік шешімдерді қабылдау мүмкін емес».
Яғни, Рысмамбетов «жекеге беру керек» десе, Темірбаев «пікір дұрыс, бірақ оны қазір жүзеге асыру мүмкін емес» деп нақтылайды. Модель дұрыс, алайда оның уақыты әлі келген жоқ.Осылайша төрт пікір бір-біріне жалғанып, бір тұтас ойға айналды: сұрақ – жауап – шешім – ескерту.
Қорытынды: бір әңгіме, төрт дауыс:
Сонымен, бұл – төрт бөлек пікір емес, бір әңгіме.Сатпаев сұрақты қойды, Әшімбаев тәртіп бар екенін айтты, Рысмамбетов жолды көрсетті, Темірбаев бүгінгі салдарын ескертті.Енді шешімді мемлекет қабылдайды. Ал қоғамның күткені – 22 жылдық тәжірибенің нәтижесі ашық көрсетіліп, қордың жұмысы нақты дамуға айналуы.