Екі жыл бұрын Үкіметте бір қол қойылды. Премьер Олжас Бектенов пен Қытайдың China Nonferrous-ының басшысы Си Чжэнпин мыс туралы келіскен. Қуаты жылына 300 мың тонналық зауыт. Бірі – Абайда, бірі – Балқашта. Екеуі де катодты мыс құяды.

Экономист Айдархан Құсайынов: «Бұл – кеншіліктен өндіріске көшу. Бірақ кірпішін қаламас бұрын, бағасының қазығын қағу керек», – дейді
.Қытайдың тегін бағасы – бізге темірқазық емес
Мыс концентратын өңдеу ақысы нөлге түседі деген бір ауыз сөзге сарапшылар назар аударып жатыр. Экономист Құсайыновтың айтуынша, концентрат деген – таза мыс емес, аралас қамыр. Ішінде алтын бар, күміс бар, күкірт бар. Қытай зауыты «мысыңды тегін балқытып берейін» дейді де, ішіндегі алтын-күмісті өзіне қалдырады. Пайдасын содан алады. Яғни, тегін өңдеу емес, алтынды ішіне бүгіп қалу.
Бұл – базардағы уақытша арзан
Бүгін зауыты босап тұрған қытай демпинг жасайды, ертең сұраныс өссе, бағаны еселеп алады. Спот нарық – желөкпе. Жел тұрса бар, тұрмаса жоқ.Ал біз салатын зауыт – желөкпе емес, 40 жылдық қара шаңырақ. Оның тағдырын бір күндік желмен өлшеуге болмайды.Бос жынысты тасу – кедейлік тасу
• Екінші есеп – жол есебі. Концентратты Қытайға апарғанша, осында пісіріп апарған арзан. Жолдан үнемделген ақшаның өзі – зауыттың пайдасы болады.Толық тізбегі жоқ ел – кенін игердім деп айта алмайды.
«Жерімде алтын көп» деп кеуде қағу үшін, алтынды бөліп алатын қолың болуы керек. Болмаса, мақтан – бос мақтан.Бұл – мұнай зауыты емесКөбі шатасады: «Мұнай зауыты зиян, мыс зауыты да зиян болмай ма?» дейді.Құсайынов:
«Екеуі – екі бөлек әлем»
.Мұнай зауыты – ішке қарайды. Бензинін іште сатады. Ішкі баға арзан, сондықтан мемлекет оны субсидиямен сүйеп тұрады.Мыс зауыты – сыртқа қарайды. Концентраты да, дайын мысы да сыртқа кетеді. Бағасы – Лондон биржасындағы баға. Сондықтан ол мемлекеттің мойнында емес, нарықтың мойнында өмір сүре алады.Сондықтан экономист: «Зауытты мемлекет емес, бизнес салуы керек. Кенші салсын, мыс тұтынушы салсын, металлург салсын. Мемлекет ақша бермесін, ереже берсін», – дейді.
.Қандай ереже?
Тарифтің тілі – тұрақты болуы керек. Ол инвестицияны қайтаратындай, жолдан үнемделгенді қосатындай, алтын-күміс, күкірт қышқылының ақысын қосатындай, түтінін тазартатындай болуы керек.Біз жарықтың тарифін жылдар бойы жасанды арзан ұстап едік, соңында бағаналар тозып, шамымыз сөнді. Құсайынов «мыста сол шалағайлықты қайталамаңдар» дейді.ТүйінҚазақстанға екі мыс зауыты – сән емес, салт. Кенді шикі сатқан ел – ешқашан байымаған.Егер екі зауыт тұрса, бұрын сыртқа кететін алтын, күміс, күкірт қышқылы елде қалады. Экспорттың үштен бірі емес, төрттен үші елде қалады. Бұл – шикізаттан өңделген елге көшу.Бірақ ол үшін Қытайдың бүгінгі тегін бағасына қызықпай, өзіміздің ертеңгі ережемізді жазуымыз керек.Зауытты – бизнес салсын. Ережені – мемлекет берсін.